Ән – халықтың ажары

Бұланды ауданында «Ақ жаулық» вокальдік ансамблі мерейтойын атап өтті.

Аудандық мәдениет үйінде «Бізді ойлай жүр» тақырыбымен өткен шараға аудан әкімі Жомарт Нұркенов қатысып, шығармашылық ұжымды 5 жылдық мерейтойымен құттықтады. Ұжым жетекшісі Роза Қиықова вокальдік ансамбльдің өңірдің мәдени дамуына қосқан үлесі мен алдағы жоспарлары туралы ойымен бөлісті. Сонымен қатар, ұжымды арнайы құттықтауға келген аудандық мәслихат хатшысы Шахман Құсайынов, Макинск қаласының әкімі Молдағали Кеженев және аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Орал Құрымбаев жылы лебіздерін білдірді.
«Ақ жаулық» вокальдік ансамблі 5 жылдың ішінде қалың көрермендерін жинап, зор ықыласқа бөленіп үлгерді. Репертуарларында көне әндер мен жас авторлардың туындылары бар.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар