Жастар қызу қолдайды

«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп ата-бабамыз айтып өткендей, шебер саясаткерлігімен, көсемдігімен әлемге танылған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында Қазақстанның әлемнің дамыған отыз елімен иық тірестірудегі басты қағидамызды басшылыққа ала отырып, алдағы мақсат-міндеттерімізді айқындады.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында әр салаға айрықша тоқталды. Оның ішінде жастардың жағдайына ерекше мән берді. Әсіресе, келер жылды «Жастар жылы» деп жариялауы біз үшін үлкен жаңалық болды деп айта аламын. Бүгінгі жастар ертеңгі елдің, жердің иелері. Сондықтан, Президент тапсырмасынан кейін жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды жүзеге асыру арқылы үкімет ел болашағы үшін тағы да маңызды қадам жасайды деп сенемін. Ал, бұған дейін қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жас ұрпақ пен жастар үшін жасалатын негізгі жұмыстардың алғышарты болмақ.
Елбасының мұндай қадамға баруы бекерден бекер емес. Тәуелсіздік жылында дүниеге келген, жаңаша ойлайтын ұрпақ осы елге-жерге иелік етуде ұрпақтар сабақтастығын ұмытпауы керек. Өзінің бір сөзінде «Біз елімізді, жерімізді осы жастарға сеніп тапсырамыз, себебі, жастар біздің болашағымыз» деп атап өткендей, бұл мәселе тереңнен қозғалып, әріден көтеріліп отыр.
Бүгінгі таңда облыста мемлекеттiк жастар саясатының басым бағыттарын iске асыруға, жастарды қолдауға жəне жан-жақты дамуына бағытталған жүйелi жұмыстар жүргiзiлуде. Елбасының биылғы Жолдауында жаңа заман талаптарына бейімделуі мен жетістіктерге жетудің жолдары қарастырылған. Мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі – халықтың әр деңгейі үшін білімнің қолжетімділігі және білім алу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету.
Елбасы өз Жолдауында жастарға зор сенім білдірсе, сол Жолдауды іске асыратын біздер екенін ұмытпасақ, бір отбасының баласындай, ел болып жұмыла кіріссек, тәуелсіз Қазақстан биік шыңдардан көрінетініне кәміл сенімдімін.
Бақтияр РАМАЗАНҰЛЫ,
жас маман.
Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар