Сайлау-2015

 Сайлауалды штабтарының жұмысы

Өзінің ең шешуші кезеңіне ойысқан электоральдық үдеріс президенттікке кандидаттардың әрқайсысының нақты бағдарламасы мен іс-қимыл жоспарының бар екендігін көрсетіп отыр.

26 наурызда сайлау науқанының ең қызғылықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат басталды. Бұл күні кандидаттар өздерінің сайлауалды штабтарын ашып, жұмыс көлемін белгіледі. Сайлауалды штабтар еліміздің барлық аймақтарында ашылды.

Орталық сайлау комиссиясының жоспары бойынша сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге 30 күн беріліп отыр. Ол 24 сәуірде сағат 24.00-де аяқталады.

Тұтастай алғанда, сайлау тақырыбы БАҚ-тарда кең қамтылып отыр. Аралық мониторинг 2015 жылдың 26 ақпанынан 25 наурызына дейін республика бойынша баспасөз бен эфирде 10 мыңнан астам материал шыққандығын көрсетті.

Әбілғазы Құсайынов пен Тұрғын Сыздықов күн сайын жергілікті жерлерге іссапарларға шығып, сайлаушылармен кездесуде.

Президенттікке кандидат Тұрғын Сыздықов үгіт жұмысы басталарда «Біз сайлау науқанына бірінші рет қатысып отырған жоқпыз, сондықтан, сайлауалды платформамыздың басым бағыттарын кеңінен түсіндіретін боламыз» деп атап көрсеткен болатын.

Осы мақсатта 26 наурызда үгіт пойызы жолға шықты. Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Алматы сияқты қалаларда тұрғындармен кездесулер жоспарланған.

28 наурызда Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясынан ұсынылған президенттікке кандидат Т.Сыздықов Астанада Еуразия гуманитарлық институтының бір топ студенттерімен кездесті. Кездесу барысында сайлауалды штабының жетекшісі Айқын Қоңыров сөз сөйледі.

30 наурызда Астанада Тұрғын Сыздықов жылу-электр орталығы қызметкерлерімен кездесіп, өзінің сайлауалды платформасының негізгі принциптерінен хабардар етті. Штаб жетекшісі А.Қоңыров «Біздің штабта сенімді тұлғалар белгіленді. Олар барлық ақпараттық жұмысты жүргізеді. Біздің мұқият жұмыс жоспарымыз бар. БАҚ-тарға біздің кандидаттың қызметімен сайлауалды платформасы туралы барлық қажетті ақпараттарды беруге дайынбыз»–деп мәлімдеді.

31 наурызда Тұрғын Сыздықов Солтүстік Қазақстан облысында «Мұнаймаш» АҚ қызметкерлерімен және Мамлют ауданы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті.

2 және 3 сәуірде кандидат Қостанайдағы «Баян Сұлу» АҚ кондитер фабрикасы мен «Большевичка» АҚ-ында кездесулер өткізді.

6 сәуірде Тұрғын Сыздықов республикалық сайлауалды штабында кеңес өткізіп, «Астана, Көкшетау, Петропавл мен Қостанайда студенттермен, оқытушылармен және өндіріс орындарының өкілдерімен кездестім. Мен оларға біздің партияның өзінің өткенін қайта ой елегінен өткізу жолы туралы айттым» деді. Ол сонымен бірге, сайлаушылармен партия үшін дәстүрлі мәселелер: коммунистік платформаны жетілдіруді талқылады.

Сол күні Алматыда президенттікке кандидат Т.Сыздықовтың қалалық сайлауалды штабтың жүргізіп отырған жұмысы туралы айтып берді.

Президенттікке кандидат Әбілғазы Құсайынов та үгіт жұмыстарын белсенді жүргізуде. Үгіт жұмысы кезеңінде республикалық және аймақтық штабтар бірқатар іс-шараларды өткізуді жоспарлауда. Кәсіпорындардың еңбек ұжымдары мен шаруа қожалықтары қызметкерлерімен және фермерлермен кездесулер көзделген. Қазақстанның барлық аймақтарында сайлауалды штабтар құрылып, сенімді тұлғалар тіркелді.

27 наурызда Әбілғазы Құсайынов Алматыда болды. Кандидаттың үгіт науқаны осы қаладан басталды. Президенттікке кандидат сайлауға немен келетінін «ОВИС» Алматы ауыз су және минералды сулар компаниясының қызметкерлері бірінші болып естіп-білді.

30 наурызда Әбілғазы Құсайынов «Астана-Зеленстрой» ұжымымен кездесті.

31 наурызда кандидат Қостанай облысында болып, ондағы облыстық драма театрында жұртшылықпен кездесу өткізді.

1 сәуірде «Қостанай су» МКК ұжымымен кездесті.

2 сәуірде президенттікке кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі қағидаларын Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы «Молсервис» компаниясының ұжымы мен «Севказэнерго» ЖШС ұжымына әңгімелеп берді.

3 сәуірде Ә.Құсайынов Петропавлда «Қызылжар су» кәсіпорны ұжымымен кездесу өткізсе, 4 сәуірде Астанада кезектен тыс сайлауды бақылау жөніндегі Республикалық   қоғамдық комиссияның өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында кандидат сайлау науқанын өткізу жөніндегі жұмыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

«Өз кезегінде Орталық және аумақтық комиссиялар біздің штабтың қызметкерлеріне уақытылы және сапалы көмек көрсетуде»–деді Ә.Құсайынов.

Республикалық қоғамдық комиссияның төрағасы Нұрлан Ерімбетовтың айтуынша, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың сайлауалды штабының қызметі қалыпты жұмыс тәрібінде өтуде. «Біз біз штабтың жұмысымен толықтай қанағаттандық», – деді Н.Ерімбетов.

6 сәуірде президенттікке кандидат Әбілғазы Құсайынов Қызылорда жұртшылығымен кездесті.

Өзінің сөйлеген сөзінде Ә.Құсайынов жиналғандарды өзінің сайлауалды платформасының өзекті бағыттарымен таныстырды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар