Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басқармасының басшысы Гүлмира Евниева журналистерге облысымыздағы мемлекеттік қызмет жағдайы туралы айтып берді.

Бүгінгі таңда облысымыздағы 707 мемлекеттік мекемеде алты мыңға жуық мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Мемлекеттік органдардағы бос орындар саны шамамен 8 пайызды құрап, бұл өз кезегінде кадр құрамының тұрақты екенін білдіреді.
Басқарма басшысы елімізде мемлекеттік қызметке жүргізіліп жатқан реформалар мемлекеттік қызмет сапасының артуына, мамандардың біліктілігінің жоғарылауына септігін тигізіп отырғанын айтты. Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің 90 пайыздан астамының жоғары білімі бар. Сонымен қатар, салада «Болашақ» бағдарламасының, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері де жемісті еңбек етуде.
–Облысымыздағы мемлекеттік қызметшілердің төрттен бір бөлігін 29 жасқа дейінгі жастар құрайды. Біздің департамент салаға жас мамандарды тартуға зор көңіл бөледі. Сол себепті, жыл сайын бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп тұрады. Өткен жылы аталмыш шараға екі мыңға жуық жас қатысып, мемлекеттік қызметке өтуге ниет білдірді, – дей келе, басқарма басшысы Гүлмира Евниева Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына енгізілген өзгертулерге де тоқталып өтті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар