«Тәрбиелі ұл мен қыз – отбасының жемісі»

Осындай тақырыпта Краснояр қалалық кітапханасында «Мерей» отбасылық клубының кезекті отырысы болып өтіп, аталмыш шара аясында ток-шоу ұйымдастырылды. Мәдени шараға Краснояр селосының тұрғындары, көпбалалы отбасылар қатысты.

– Отбасы – адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде алтын ұяның алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн бойына сiңiру болып табылады,–дейді Краснояр селосының тұрғыны, көпбалалы әке Дағдархан Какей. Осындай өнегелі отбасылардың бірі красноярлық Жамалиевтердің жанұясы. Олар да осы кеште өз ойларын ортаға салып, жиналған қауымның ыстық ықыласына ие болды.
Иә, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Осылайша адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады ғой. Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке – тірек, ана – жүрек, бала – тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы ошағының үш тағаны іспеттес.
Шара барысында қонақтар назарына «Отбасы басты құндылық» атты бейнеролик көрсетіліп, жиналған қауым кеш қонақтарына ұлттық тәрбие, ата-ананың отбасындағы рөлі сияқты сұрақтар қойды.

Әлия БӘЙТЕНОВА,
Краснояр қалалық кітапханасының меңгерушісі.
Суреттерде: мәдени шарадан көріністер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар