Тұрақтылық пен бейбітшіліктің маңызы зор

 Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Шымкентте РҚШ мүшелері Ұлт Көшбасшысы жақтастарының форумына қатысты, Түркістан қаласының жұртшылығымен, Кентау трансформатор зауытының жұмыскерлерімен кездесті.

Делегация құрамында Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының төрағасы Ғани Қалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, әйгілі спортшылар мен әртістер бар.
Шымкенттегі «Мұз сарайында» Ұлт Көшбасшысы жақтастарының форумы өтіп, оған үш мыңнан астам оңтүстікқазақстандық қатысты. Форумның қатысушылары бірауыздан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау білдірді және 26 сәуірде өздерінің күшті Көшбасшы, яғни, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа дауыс беретіндерін мәлімдеді.
Облыстағы славян этномәдени орталығының төрағасы Юрий Кирюхин өз сөзінде бүгінгі таңда түрлі саладағы еліміздің табыстарын қазақстандықтардың Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың есімімен байланыстыратындарына тоқталды.
«Бұл өте лайықты баға. Және бүгінгі таңдағы әрбір қазақстандықтың парызы, әлеуметтік-экономикалық дамудағы оң нәтижелерге жетуге барынша ықпал ету, сондықтан да, бұл жұмысты әртүрлі деңгейде біздің мемлекетіміздің мүддесін қорғай білетін Елбасыға сеніп тапсыру дұрыс болады!», – деді өзінің сөйлеген сөзінде Ю.Кирюхин.
Түркістанда РҚШ мүшелері қоғам өкілдерімен жүздесті. Батыр ана Татьяна Саурынбаева өз жерлестерінің атынан Елбасыға алғыс айтты, ол республикамыздың табысты әлеуметтік саясатының тікелей Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі екенін атап өтті. Оның сөзін физика пәнінің мұғалімі Зүбәйра Сүлейменова да қолдады.
«Жауынгер-интернационалистің жұбайы ретінде мен бейбітшілік пен келісімнің құнын, ұстаз және ана ретінде балаларымыздың дамуы үшін жағдай жасау бойынша істеліп жатқан шаралардың қаншалықты маңызды екенін жақсы білемін. «Серпін» бағдарламасының арқасында менің ұлдарымның бірі тегін негізде жоғары білім алуда. Тұрақтылық пен бейбітшіліктен маңызды ештеңе де жоқ, біздің еліміз оған Елбасының дана саясатының арқасында қол жеткізіп отыр», – деп атап өтті Зүбәйра Сүлейменова.
РҚШ мүшелері Кентау қаласында болып, онда трансформатор зауытының ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында зауыттың инженер-конструкторы Әділбек Тәжібаев өзінің кәсіби жолын таңдауға техникалық мамандықтарды игеру қажеттілігі туралы Мемлекет басшысының үндеуінің себепші  болғанын тілге тиек етті.
«Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ды тәмамдай салысымен, мен трансформатор зауытына келдім. Бүгінгі таңда зауыт инфрақұрылымының 90 пайызы әлемдік үлгілерге жақындаған, жыл сайын көрсеткіштеріміз өсуде. Осының бәрі де Мемлекет басшысының өндірістік секторды қолдауының арқасында болып жатыр. Мемлекетті басқару – оңай міндет емес, ол әркімнің қолынан келе бермейді, бірақ, бұл міндетті біздің Елбасымыз табысты іске асыруда! Біз, жастар, нұрлы болашақты жақтаймыз және ол болашақтың Елбасымен бірге болғанын қалаймыз!», – деді Әділбек Тәжібаев.
Кездесу барысында Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевқа бірауыздан қолдау білдірді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар