Сот актілерін орындамау жауапкершілікке соқтырады

Сот билігінің абыройы тек қана сот актілерін шығарған кезде азаматтар мен заңды тұлғалардың қаншалықты құқықтары қорғалғанында ғана емес, сонымен қатар, берілген актінің толық және уақытында орындалуына байланысты өлшенеді. Қабылданған әрбір сот актілерінің тұрақты түрде орындалуы – құқықтық мемлекеттің ең басты көрсеткіші. Себебі, сот шешімі соңғы шешім әрі мемлекеттің шешімі сияқты қуаты бар күш.

Заңды күшіне енген сот шешімдері, сондай-ақ, соттар мен судьялардың заңды өкімдері мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін бірдей міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындауға тиіс. Бұл жөнінде заңда «Шешім дереу орындалатын жағдайларды қоспағанда, заңды күшіне енгеннен кейін орындауға жіберіледі» – деп көрсетілген. Соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін атқару парағы жазылып беріледі. Мүлік тәркіленген, мемлекет кірісіне өндіріп алынған, сондай-ақ, қылмыспен келтірілген нұқсан өндіріліп алынған, алименттер өндіріп алынған, тарапы мемлекет болып табылатын мертігуден немесе денсаулыққа зақым келуден, асыраушысынан айырылудан келтірілген зиянның орны толтырылған жағдайда, сот өз бастамасымен ол жазылып берілген күннен кешіктірмей атқару құжатын аумағы бойынша тиісті әділет органына орындауға жібереді. Яғни, ықпалды, тиісті органдарға дер кезінде жөнелтілу қаралған. Соттың жедел орындалуға тиісті шешімі бойынша атқару парағы шешім шығарылған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірілмей жазылып орындауға жолданады. Бұл уақыт ешқашан бұзылмауы керек, ол да қатаң бақыланады. Ал, енді, атқару парағы жөнінде айта кетсек, атқару парағын бірінші сатыдағы сот шешімі заңды күшіне енген немесе іс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазып жолдайды. Атқару құжаты судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыратын электрондық атқару құжаты нысанында жазылып берілуі мүмкін деп көрсеткен.
Заңымызда, яғни Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 21 бабының 2, 3 тармақтарына сәйкес, заңды күшіне енген сот актілері, сондай-ақ, сот төрелігін жүргізу кезінде соттар мен судьялардың сұрау салуларына жауап беру барлық мемлекеттік органдар үшін міндетті. Сонымен бірге, сот актілерін орындамау, сол сияқты құрметтемеудің өзге де көрінісі заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Борышкерлердің жауапсыздығы сот шешімдерінің орындалмауының негізгі себебі болып табылады, олар сот шешімдерін орындамау заңмен қарастырылған әкімшілік жауапкершілікке алып келетіндігін түсінбейді. Қазақстан Респуб-
ликасы Әкімшілік кодексінің 669 бабымен сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау, жеке тұлғаларға – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, не бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамдарға, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондықтан, әр азамат сот актілерін бұлжытпай, уақытылы орындау міндетіміз деп білуі тиіс.
С.ЖАНДАРБЕК,
Ақмола гарнизоны әскери сотының жетекші маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар