Сауалнама

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауына халықтың ақпараттану деңгейін және қарым-қатынасын әлеуметтік диагностикалау шеңберінде ішкі саясат басқармасы сауалнама жүргізді. Барлығы Ақмола облысының 18 жастан асқан 800 тұрғыны сұралды.

Сауалнама көрсеткендей, ел Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыруы» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары туралы ақмолалықтардың оң жауаптарының жиынтығы 93,4 пайызды құрады.
Осы бағдарламалық құжат туралы халықты ақпараттандырудың жоғары деңгейіне жергілікті теледидар арқылы қол жеткізілді, ол сауалнамаға қатысушылардың 46,2 пайызы үшін ақпараттың негізгі көзі болды.
Келесі деректер иерархиясында интернет-ресурстар белгіленген (31,5 пайыз).
7,1 пайыз үшін мұндай дерек жергілікті баспа БАҚ болды.
Сауалнамаға қатысқан әрбір ақмолалықтардың төртіншісі Жолдаудың мәні мен мазмұнын мақұлдайды және оны ел дамуының барлық негізгі мәселелеріне қатысты уақытылы және іргелі деп санайды.
Сауалнамаға жауап берушілердің 30 пайызы (сауалнамаға жауап берген ақмолалықтардың әрбір үшіншісі) осы бағдарламалық құжаттың қолжетімділігі мен қарапайымдылығын атап өтті.
Осы бағдарламалық құжатқа өздерінің скептикалық қарым-қатынасын ақмолалықтардың 2,7 пайызы білдірді. Бізге бәрі бір деп көрсетті.
Мемлекет басшысының өңір тұрғындары арасында өтініш білдіруінің негізгі бағыттары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі мәселесін зерттеу 45 пайыз бұл жұмысты маңызды және қажетті деп тапты.
Бұл ретте сұралғандардың 20,8 пайызы өз өңірінің проблемалары мен олардың шешімдері тұрғысынан оны түсіндіруді қалар еді.
Әлеуметтік сауалнама барысында аймақ тұрғындарының алаңдаушылығын тудыратын факторлар зерттелді.
Ең алдымен, сауалнаманың нәтижелеріне сәйкес, ақмолалықтардың 25,5 пайызын әл-ауқатының («Халық табысының өсуі») мәселелері толғандырады, бұл Президент Жолдауының контекстінде өз көрінісін тапты. Иерархияда аздаған айырмашылықпен «Тұрмыс сапасын арттыру» бағыты екінші алды (23,4 пайыз). Сұралған ақмолалықтардың 12,5 пайызы үшін «Жайлы өмір сүру ортасын құру» мәселесі өзекті болып қала береді. «Азаматтардың қажеттілігіне бағдарланған мемлекеттік аппарат» және «Тиімді сыртқы саясат» бағыттары сауалнамаға қатысушылардың тиісінше 3,8 пайыз және 2,7 пайызын толғандырады.
Сауалнама көрсеткендей, «Әрбір қазақстандықтың елдегі қайта құру үдерістеріне қатыстылығы» тақырыбы сұралғандардың 0,3 пайызын ғана толғандырады.
Айта кету керек, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруға өз дайындықтарын және оны жүзеге асыруға өзінің белсенді қатысуын ақмолалықтардың 91 пайызын білдірді.
Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының қоғамдық саяси-жағдай мониторинг бөлімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар