Балаларды қызықтырған саяхат

Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «20 ізгі іс» акциясы аясында денсаулығында кемістігі бар балалар Көкшетау қаласындағы бірқатар өндіріс ошақтарына саяхат жасап, жұмысымен танысты.

Бұл жолы есту және тіл кемістігі бар балаларға арналған №4 облыстық арнайы коррекциялық мектеп-интернатының 30 тәрбиеленушісі Көкшетаудағы ірі кәсіпорындардың бірінен саналатын «ЕНКИ» серіктестігінің керамикалық кірпіш цехында болды. Кәсіпорынның бас инженері Вадим Бурыкин оқушыларға кірпіш шығарудың технологиясы мен үдерісі жөнінде ілеспе аудармашының көмегімен егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.
Бас инженердің айтуынша, кәсіпорын бүгіндері 300-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауытта жылына 30 түрлі 58 миллион дана кірпіш шығарылады. Өңірдің индустрияландыру картасына енген кәсіпорын өнімін Ресейдің Омбы және Түмен қалаларына да жіберуде. Өндіріс ошағы Испанияның озық технологиясымен жабдықталған. Зауыт өнімі сапалы әрі төзімді.
–Шараның басты мақсаты – еліміздің барлық азаматтарының назарын биылғы жылы атап өтіп жатқан мерекелік даталарға аудару және жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа шақыра отырып, олардың жүрегіне де патриоттық сезім орнатуға үлес қосу,–дейді мерейтойлық даталарды мерекелеу штабының қызметкері Мақпал Ликерова.
 Мектеп оқушылары «Тыныс» акционерлік қоғамында да болып, кәсіпорын жұмысымен танысты.
Шара соңында балаларға дастархан жайылып, түрлі естелік сыйлықтар үлестірілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар