Қос Сағынтай мешітке көмектесті

 

Мешіт – Алланың үйі, оған адамдар Жаратушының разылығын алу үшін қол ұшын береді. Көкшетауда жаңадан салынып жатқан мешітке қос Сағынтай ақшалай көмек көрсетті.

 

«Тіс» емханасының бас дәрігері Сағынтай Кенжетаев жаңа мешіттің неке қию залына 420 мың теңгенің жиһаздарын сатып әперсе, ал, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің президенті Сағынтай Елубаев еденге төсейтін кілем мен төсеніш бұйымдарын алуға демеушілік көрсетті.
Кәсіптің көзін тауып, оның берекесін көріп жүрген бұл азаматтардың Алласын ауыздарынан тастамай, имани іске жанашырлық танытқаны қуантады. Себебі, мешітке көмек көрсеткен адамға Алла тағала да өз мейірін төгеді.
Бұл Сағынтай Кенжетаевтың мешітке жасаған алғашқы демеушілігі емес, осының алдында Көкшетаудың іргесіндегі Станционный кентіндегі мешіттің асханасына да 100 мың теңге көлемінде қаражат бөлген еді. Біз де осы бір жаны жомарт жандарға әр істеріңізге береке берсін дегіміз келеді.

Бақыт СМАҒҰЛ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар