Әйел шырағы сөнбесін!

Азаматтық форум қарсаңында Степногорск қаласындағы «Женский луч» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Оксана Волкова-Михальскаяны

үкіметтік емес ұйымның атқаратын жұмысы туралы әңгімеге тартқан болатынбыз.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа арнаған Жолдауында «Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс» деген болатын. Осыған орай, «Женский луч» қоғамдық бірлестігінің әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі мол. Біздің қоғамдық бірлестік үкіметтік емес ұйым ретінде Степногорск қаласында 2001 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Ұйым өз жұмысын балалармен, жастармен, әйелдермен және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар арасында жүргізіп келеді. Әсіресе, жастармен жұмыс істеу ерікті қызметті дамытуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік және отбасылық орталықтар жұмысы республикалық және халықаралық деңгейлерде тәжірибе алмасу бағытында өтеді.
«Степногорск қалалық Отбасы Академиясы» жобасы 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін «Отбасылық бақыт», «Бақытты Ана – бақытты бала», «Жас отбасының академиясы» деген үш бағытта жүзеге асырылды. Жоба қала мен облыстың көптеген отбасыларына үлкен қолдау болып табылады, әр жобаның қатысушысы өзінің жетістіктері туралы әңгімелейді. Сонымен қатар, облыстың және республиканың білім беру және әлеуметтік мекемелерінде энергияны және суды үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау, экология мәселелері бойынша балалар мен жасөспірімдер және әйелдердің экологиялық білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясында мен ұсынған «Арнасай – Қазақстанның жасыл ауылы» жобасы Қазақстанның барлық азаматтарына патриотизмнің кіші Отанына деген сүйіспеншілігінен басталатынын айтқан болатынмын. Бұған мысал ретінде ауыл тұрғындары өздерінің ауылдарын жасыл желекті және ең заманауи үлгіде танытқан Арнасай кенті болып табылады.
Ауылдық мектепке 30-дан астам заманауи энергетикалық және су үнемдеу технологиялары енгізілді. Арнасай кентінде жасыл технологияларға арналған алғашқы оқу орталығы құрылды. Онда 35 экологиялық инновациялық технологиялар сәтті жүзеге асырылып, бүкіл Қазақстан мен жақын шетелдердің тұрғындары оқып жатыр. Бұл бюджет қаражаттарынан шамамен 5 миллион теңгеге үнемдеуге қол жеткізді. Ұйым жобалары республикалық және халықаралық деңгейлердегі көптеген алаңдарда өткізіліп келеді.
Халықаралық және республикалық телекөпір жүргізу, халықаралық жобаларға және шығармашылық семинарлар мен фестивальдерге қатысу, халықты ақпараттық қолдау, құқықтық және психологиялық көмек, тұрғындарды оқыту, жұмысқа орналасу және жаңа жұмыс орындарын құру мен шетелде тәжірибеден өту, арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету мемлекеттің және облыстың дамуына айтарлықтай үлес қосады.
2012 жылдан бастап демонстрациялық, білім беру және бизнес жобаларын қаржылық қолдауымен республикалық және аймақтық масштабтағы байқаулар өткізілді. Ұйымның жобалық қызметі Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы, Степногорск қаласының Жастар ресурстық орталығы шеңберінде қаржыландырылады. Сол себепті, 2017 жылы Дін істері және азаматтық қоғамның қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығынан мемлекеттік грант алынып, жүзеге асырылды.
Оған өткен жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі «Жасыл экономика» және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» грант аясында өткен «Болашаққа қадам» республикалық бизнес-жобалар байқауы нақты мысал бола алады. Қазақстанның экологиялық ұйымдары Ассоциациясына көптеген жетістіктерімен Қазақстанның ЭкоФорумы және Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығына мүше болып табылады.
Біздің ұйым «Бота» қоры (2010-2013), Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры – Ұлт Көшбасшысы (2013), Сорос-Қазақстан Қоры (2014), Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (2016 ж.), Жаһандық экологиялық қордың шағын гранттар бағдарламасы (2012-2015 жж.), FGC Zubr, «Ақ Бота» ҚҚ, Қазақстанның еріктілер альянсы, «Жасыл экономика» коалициясының жұмыс тәжірибесімен бөліседі.
Жұмыс барысында инновациялық «жасыл» технологияларды пайдалана отырып әлеуметтік және білім беру мекемелерінде 50-ден астам демонстрациялық жастар алаңы құрылды. 17 жұмыс орнын құрумен инновациялық «жасыл» технологияларды (импульстік жүйе, энергия үнемдейтін жылыжай, Қазақстанда құрастырылған алғашқы гидротранспорт) пайдалану арқылы төрт бизнес үлгісі іске қосылды.
Ұйымның жобаларына 15000-нан астам адамның қатысуының тікелей пайдасы бар. 15 жыл ішінде 250-ден астам адам жұмысқа орналасты. 70-тен астам жаңа жұмыс орны ашылды. 4300 адам кеңес алса, 1230 адам оқытылды.
«Женский луч» қоғамдық бірлестігі қашанда әлемді жақсы қырынан танытуға күш салатыны олардың істеген жұмыстарынан көрініп-ақ тұр.
Сондықтан да, өткен жылы бұл ұйым «Азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу» аталымы бойынша Қоғамдық даму министрлігінің үкіметтік емес ұйымдары сыйлығының лауреаты атанды.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар