Таңғажайып тастар

Халқымызда: «Ніл дариясынан табылмаған гауһар тас Сырдариядан табылады» деген сөз бар. Шындығы солай. Бұған қатысты көптеген наным, танымдар да жеткілікті. Әріге бармай-ақ, қасиетті Қағбаны зиярат етіп, жұртшылық айналып жүретін тасты білмейтін жан жоқ. Сол Қағбаның алдында шишада сақтаулы ғажайып тас бар. Бұл Ибрагим (а.с.) баласы Исмайылмен (а.с.) бірге Қағба құрылысын қайта жөндеуден өткізіп жатқанда ерекше көмек көрсеткен деген әфсананың жалғасы. Сондай қасиетті тастар бүгінгі күнімізде де кездеседі…

Астанада Ақылбек Сыздықов дейтін ақсақалмен ойда жоқта таныстым. Орталық базардың (Әлем) жанындағы мешітке іргелес үйдегі машина тұрағының күзетшісі екен. Көлігімізді қойғанда өзі келіп амандасты. Костюмімнің жағасындағы «Қазақстан журналистер одағының мүшесі» деген төсбелгіні байқап қалған көрінеді. «Аманат еді, жүріңіз, сізге көрсететін дүниелерім бар», – деді ақжарқын ағамыз.
Екі адам әзер айналатын дүңгіршекке кірдік. «Дүниелері» шашақты дорбаға салынған тастар екен. Бірінен-бірі өтеді. Асыққанымыз жайына қалды. Қарап жатырмыз, қарап жатырмыз. Бәрінің қысқаша сипаттамасы, дерегі жазылыпты. Кезінде әуесқой өлкетанушы болған бүгінгі зейнеткер: «Осыны халыққа жеткізші, қарағым», –
дейді.
Бәрін қалтама салып алуды қиянат көрдім (бұл мүмкін де емес еді). Бір топтамасын суретке түсіріп алдым. Табиғат құбылыстарынан жаралған тастар жануарларды бейнелейді. Ол замандарда бәлкім түсінікте жоқ та шығар, бірақ, қазіргі «Жұлдыз жорамалға» дәл келіп тұрғаны анық (суреттерде).
Бұл жәдігерлер Қызылордадағы Арал қаласының тұрғыны Мейрамбек дейтін кісіден алынған екен. Тастардың көлемі 14-25 сантиметр шамасында. Сондай-ақ, Арал ауданындағы Ақбай ауылының Ақирек деген жер жар жотасы болып келеді. Соның айналасында көне белдеулер бар. Таудың тасымен қоршалған. Осы тастардың бірінде 28 сантиметр көлемдегі кәдімгі тарақтың сұлбасы анық көрінеді. Ағамыз мұның бәрі шындық деп отыр. Бұл туралы үш тілде шығатын ғылыми-көпшілік «Қазақтану» журналында (№2 (31) 2014) көлемді мақала да жариялапты.

Бақберген Амалбеков.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар