Баталы ұл арымас!

Бата беру – халқымыздың ертеден жалғасып келе жатқан салт-дәстүрiнiң бiрi. «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деп, халқымыз батаны ерекше қастерлеген. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» мақаласының бағыттарын іске асыру мақсатында Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қарттарды қолдауға арналған «Мейірімділік пен сыйластық» айы аясында «Батаменен ел көгерер» атты ақсақалдар арасында қалалық байқау өткізілді. Сайысқа арнайы iрiктеуден өткен ел ақсақалдары мен батагөй қариялар қатысып, бата беруден сайысқа түстi.

Істеріңе сəт болсын,
Бастарыңа бақ қонсын!
Ата-баба аруағы,
Жебей берсін, жақ болсын!
Құдай өзі оңдасын,
Қызыр келіп қолдасын!
Сəтті болып бастама,
Бақыт-байлық мол болсын!
Ашық болсын күндерің,
Бассын ісің ілгері.
Талаптанған тайларың,
Болсын мəңгі жүлделі!
Аллаһу акбар! –

Шараға Дүйсембай Айтқожин, Арыстан Малайұлы, Боқан Асқарұлы, Байтас Жүнісов, Мүтәлләп Ғабдоллаұлы, Қабай Мақиұлы, Қайырбек Әміржанұлы, Қайролла Шайсұлтанұлы қатысты. Байқауға филология ғылымдарының докторы, профессор Шалабай Бердібай, белгілі журналист, «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Смағұл, соғыс және еңбек ардагерлері комитетінің төрағасы Шияп Шарапұлы, Көкшетаудың әнші, сазгері Иран Тасқара, Красный Яр мешiтiнiң бас имамы Науан Мүтәлұлы әділ қазылық етті.
Сайыс барысында қарияларымыз ақ тілекті түрлі баталарды айтып, өздерінің осы саладағы білгірліктерін көрсетті. Тартысты өткен сайыста жеңіске жеткен қарияларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Тәуелсiздiгiмiздi ұлықтау, береке мен бiрлiгiмiздi насихаттау, өскелең ұрпаққа салт-дәстүрiмiз бен мемлекеттiк тiлiмiздi, ұлттық қазынамызды дәрiптеу мақсатында өткiзiлген байқаудың тәрбиелiк мәнi өте зор екенін айта отырып, оны ұйымдастыруға атсалысқан Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен «Дос-
тар» мәдениет сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапханасына алғысымызды білдіреміз. Барлығымыз да баталы болайық, дуалы ауыз абыз ақсақалдарымыз аман болғай!

Науан МҮТӘЛҰЛЫ,
Красный Яр мешiтiнiң бас имамы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар