Үздіктер анықталды

 Қазақ хандығының 550 жыл-дығына орай облыстық білім басқармасының ұйымдасты-руымен Көкшетау қаласындағы №18 орта мектепте облыстық «Яссауитану» байқауы болып өтті.

  Қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған, түркі халықтарының рухани ұстазы Қожа Ахмет Яссауидің хикметтері мен ілімін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқауға 8-11 сынып оқушылары   қатысты.
Сайыстың алғашқы кезеңінде қатысушылар кезектесіп Қожа Ахмет Яссауидің хикметтерін жатқа айтудан сынға түсті. Ал, келесі кезеңде үміткерлер әртүрлі сұрақтарға жауап беріп, білімдерін пысықтаса, байқаудың соңғы кезеңінде электронды ұяшықтарға жасырынған тірек сөздерді тауып, хикметтен үзінді келтірді. Осы орайда, ой ұшқырлығымен, алғырлығымен, білімімен М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Алмас Жалғаш көптің көңілінен шыққанын баса айтып өткеніміз жөн. Ал, сайыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Нұржан Төлеген алса, екінші және үшінші орындарға Бауыржан Рамазан, Алмас Жанаш, Абдолла Ыдырыс, Гүлнәр Толқын, Дидар Жеңіс қол жеткізді.  Үздіктер қатарынан көрінген алты оқушы да сәуір айында Түркістан қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.
  Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етіліп, қатысушыларға Алғыс хаттар берілді. Сондай-ақ, олардың ұстаздары да арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар