Имам қызметінің бір арнасы – жат ағыммен күресу

Жат ағым жарға жығып, қаншама жастарымызды адастырып жүргені жасырын емес. Дәстүрлі діннен алшақтаған мұндай адамдар өз отбасына да, қоршаған ортасына да тасбауырлық танытып, өздері теріс жолға түскенімен қоймай, өзгелерді де соған тарту арқылы еліміздің ішкі қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

Науан хазірет мешітінде ұйымдастырылған аудан, қала және ауыл имамдарына арналған семинар тақырыбы осы көкейтесті мәселенің түбірін қаузады. Жиынды ашып берген ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша өкілі Қуаныш Сәбит теріс ағыммен күрестің өзекті мәселесіне тоқталып, әр имам өзінің білімін осы жолда адасып жүрген жандарды өз ошағына қайтарумен көрсетуі керектігін баса айтты. Қазіргі күні облыста 200-ден аса ресми түрде тағайындалған дін қызметкерлері бар. Бұл Мүфтияттың төрт бағыты бойынша тапсырылған міндеттерді орындауда аз күш емес. Ең бастысы, өз мамандығына деген құлшыныс керек.
Өкіл имам өз әріптестерін ортақ істе ұйымшылдық танытып, дәстүрлі діннің әлеуетін арттыруда бір жеңнен қол шығарып қызмет етуге шақырды. Әр имам-молда күнделікті мешіттегі намазын өткізер, бірақ, дінімізге жат қылықтардың көбейген тұсында оларға жоғары жауапкершілік жүктелетінін естен шығармаған абзал.
Ақмолалық дін қызметкерлері алдында елордадағы Әзірет сұлтан мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазанов дәріс оқып, тәжірибе алмасты. Тыныштық болған жерде дін де өркендейді. Ізгілік атаулы да жемісін шашады. Сондықтан, елді алаңдатқан экстремизммен күрес мәселесімен әр имам айналысуы тиіс деді ол.
Сонымен бірге, жат ағымның ықпалына түскен жандардың әлеуметтік бейнесі жайлы ой бөлісті. Ондай жолдағы адамдар маңайындағы жақсылықты көре алмайды, өзінің алдындағы тар жолға ғана назарын аударады. Мұның соңы адасуға әкеліп соғады.
Семинар барысында жер-жерден келген дін қызметкерлері көптеген қажетті ақпараттарды алды. Тағылымы терең әңгімеге қанықты. Өздерін толғандырған ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар