Өз балаңа өзің үлгі бол

Қыркүйек, қазан айларында Целиноград ауданындағы Қоянды орта мектебінде «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-аналар: өз балаңа үлгі бол» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларының ата-аналары арасында психологтардың ұйымдастыруымен республикалық конференция болып өтті.

Конференцияда баланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектепте диструктивті діни ағымдардың еніп кетуінің алдын алу, отбасылық құндылықтарды нығайту, балаға оқуға бейімделуге тиімді көмек көрсету, ҰБТ-ға дайындық және оны тапсыру барысында жасөспірімге ата-ананың көмегі, жасөспірімнің психо-физиологиялық ерекшелігі және бала мінез-құлқындағы олардың көріністері, кәмелетке толмаған балалардағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы девианттық мінез-құлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу жайында өзекті мәселелер сөз болды. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша дайындалған бейне роликтер көрсетілді.
– «Бала үйінде көргенін істейді» деген халық даналығы бекерге айтылмаған. Барлығымыз да, мұғалімдер де, ата-аналар да балалардың тәлімді тәрбие, сапалы білім алып, үлгілі азамат болып өсуіне мүдделіміз, – деді мектеп директоры Б.Сәтбаев.
Іс-шара соңында мектеп психологтары Қазақстан Респуб-
ликасы Білім және ғылым министрлігі комитетінің тапсырысы бойынша дайындалған сауалнамалар және жадынамалар таратты. Психологиялық-педагогикалық көмек ретінде өткен конференция ата-аналардың көңілдерінен шықты. Конференцияға келген ата-аналар мектеп әкімшілігіне, психолог мамандарға алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар