Еселі істің берекелі нәтижесі болуын қалаймын

Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты ел халқына арнаған Жолдауында ілгерілеу мен дамудың оң бағыты белгіленіп, алдымызға жаңа міндеттер қойылды.

Ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істегендіктен, мені агроөнеркәсіп кешенінің дамуы алаңдатады. Жолдаудың басты бағыттарының бірі – агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін нығайту. Елбасы өз сөзінде еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға дейін 2,5 есе көбейту негізгі міндет екенін атап өтті.
– Мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын елімізге қазіргі заманғы агротехнологияларды ауқымды тартуға бағыттау қажет. Икемді әрі ыңғайлы стандарттарды енгізу және ауыл шаруашылығы саласына беделді шетелдік мамандар мен білікті адамдарды тарту арқылы бұл саланы басқарудың үздік тәжірибесін пайдалану керек. Ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптастыру қажет. Осы мақсаттарға алдағы үш жыл ішінде жыл сайын кемінде 100 миллиард теңге қарастырылуда,–деді Мемлекет басшысы.
Өз шаруа қожалығымда 307 гектар егіс алқабы, 168 гектар жайылымдық жер бар. Жыл сайын ауыл шаруашылығы дақылдарын сеуіп, жоғары өнім аламыз. Биыл арпаның гектар түсімі 16 центнерден айналды. Көкшетау қалалық әкімдігі көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін жыл сайын арзандатылған дизель отынын бөледі. Жанар-жағар май уақытылы жеткізіледі.
Осының арқасында орақ жұмысын алғашқылардың бірі болып аяқтадық. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында жыл сайын мал және егіншілік шаруашылықтарына субсидия мен
несие беріледі. Мал шаруашылығын және көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату тәрізді қазақтың ұлттық спорт ойындарын дамыту мақсатында 2013 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 10 бас қазақтың жабы тұқымдас жылқысын, отыз шақты қой-ешкі сатып алдым. Келешекте жылқы мен ешкінің санын көбейтіп, қазақтың ұлттық тағамдарын дайындауды жоспарлап отырмын. Сөйтіп, ауыл шаруашылығының дамуына өз үлесімді қоспақшымын.

Оралбек ҚАЙСАНОВ,
«Дарын Сәулет»
шаруа қожалығының басшысы.

Краснояр селосы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар