Латвиялық Зоя Голубева – дойбыдан әлем чемпионы

«Сұңқар» сауықтыру кешенінде әйелдер  арасында дойбыдан әлем чемпионы атағы үшін өткен халықаралық матчтың қорытындысы шығарылды.

  Жарыстың салтанатты жабылуында матчқа әділқазылық еткен польшалық төреші Яцек Павлицкий сөз алып, ұйымдастырушыларға зор ризашылығын білдірді. Ол дойбы матчының өте қызықты өткенін тілге тиек етіп, байрақты бәсекеде топ жарған Зоя Голубеваны жеңісімен құттықтады. Матч қорытындысы бойынша латвиялық Зоя Голубева дойбыдан осымен 14 дүркін әлем чемпионы атағын иеленіп, алтын медальға қол жеткізді.
Сондай-ақ, жеңімпазға 15 мың евро көлемінде сыйақы тағайындалған болатын. Онымен бәсекеге түскен ресейлік Тамара Тансыккужинаға да марапат пен құрмет көрсетілді. Өз кезегінде латвиялық спортшы қарсыласының мықтылығын айтып, бұл жеңіс оған оңай келмегенін айтты.  
Шара барысында Қазақстан Республикасы дойбы Федерациясының вице-президенті Айрат Нұрғазиев пен өзге де қонақтар сөз алып, шаршы тақта шеберін жеңісімен құттықтады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Зеренді ауданы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар