Мобильдік топты асыға күтеді

 

Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызмет түрлерінің қол жетімділігін арттыру мақсатында құрылған Мобильдік топтар  өз жұмыстарын абыроймен атқарып келеді.

 

Құрамында Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың, халыққа қызмет көрсету орталығы мен «Қазпошта» акционерлік қоғамының  қызметкерлері бар Мобильдік топ өткен айда облыстың 24 елді мекенінде болды. Оның ішінде әлеуметтік төлемдерді ресімдеу мәселесі бойынша 66 тұрғынға кеңес берілсе, әлеуметтік төлемді тағайындау бойынша  12 адамның,  осындай жәрдемақы алатын екі жүзден астам тұрғынның банк шотын ауыстыру бойынша өтініштері қабылданды. Атап айтсақ, Зеренді ауданынан 85 шақырым жерде орналасқан Алексеевка кентінің тұрғыны Нина Лейман зейнетақы алу жөнінде құжат тапсырды.
Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Мобильдік топтың келу мерзімін аудан әкімдігінің сайтында немесе селолық округ әкімдігінде, сондай-ақ, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық пен халыққа қызмет көрсету орталықтарының бөлімшелерінде анықтауға болады. «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК Ақмола облыстық филиалының сенім телефондары 55-97-01 және 25-18-78.   

Гүлдарай БИНИЕВА,
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының
облыстық филиалы директорының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар