Электр қуаты жүйелері жаңартылуда

Облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті

«Ақмола электр желілерін тарату компаниясы» акционерлік қоғамында инвестициялық бағдарламалардың және қайта жаңарту жұмыстарының орындалуы жөнінде пресс-тур өткізді.

Субъектілердің инвестициялық бағдарламасы жүйелер мен қондырғыларды жаңартуға, негізгі жабдықтардың тозуын азайтуға, қызмет сапасын арттыруға, қызметтің өзіндік құнын азайтуға және реттелетін қызметтің тарифтер деңгейін ұзақ мерзімге тұрақтандыруға бағытталған. Ақмола электр желілерін тарату компаниясы бас директорының орынбасары Жанна Гислер өз сөзінде 2017 жылы бұл салада реттелетін қызмет жөніндегі компанияның инвестициялық бағдарламасында шараларды орындауға 4,6 миллиард теңге бөлініп, қаржы толық игерілгенін атап өтті.
–Шағын станцияларды, кешенді трансформаторлық шағын станция мен бағаналық желілерді жаңғырттық. 54 шақырым бағаналық желі салынды. Энергия қондырғыларын жөндеуден өткіздік. Электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматтық жүйелері енгізілді. Бес ғимарат пен нысанға күрделі жөндеу жұмысын жүргіздік. Компания бағдарламамен қамтамасыз етілді. Негізгі құрал-жабдықтарды сатып алдық. «Астана» шағын станциясынан бағаналық желі тартылды,–деді бас директордың орынбасары. Бұдан соң Ақкөл аудандық электр жүйелері кеңсесіне ат басын тіредік. Электр жүйелерінің басшысы Николай Чурбановтың айтуынша, өткен жылы «Алексеевка» бас шағын станциясының біршама нысандарына жаңғырту жұмысы жүргізіліп, ескі қондырғылардың біршамасы ауыстырылған.
–Төрт майлы электр ажыратқышының орнына газды электр ажыратқыштарын орнаттық. Бұрын майлы электр ажыратқышқа 9 тонна май құйылатын. Бұл апатты жағдайда қоршаған ортаға қауіп төндіретін. Ал, газды электр ажыратқыштың мұндай зияны жоқ. Өткен жылы күрделі жөндеу жұмысын жүргіздік. Инвестициялық бағдарлама бойынша 15,5 шақырым желі тарту жоспарланған. Жаңа бағаналар орнатып, алюминий сымының орнына кабель тарттық. Бұл электр қуатының қауіпсіз әрі үзіліссіз берілуіне жағдай жасайды. Оның үстіне электр қуатын ұрлау тиылды. Жаз айларында жүйені толық жаңғырттық. Қазір трансформаторлық шағын станцияны монтаждауға кірістік. Биыл мұндай станцияның оны ауыстырылады. Қыркүйекте бір шағын станцияны пайдалануға бердік. Қондырғылар толық көлемде алынды. Ақкөл қаласының көшелеріне диодтық жарық орнатылуда. Инвестициялық бағдарлама қаржысын толық игереміз,–деді аудандық электр жүйесінің басшысы. 71 адам жұмыс істейтін кәсіпорынның төрт учаскесі бар. Олар 13 шағын станцияға қызмет көрсетеді. Мамандар компанияның оқу комбинатында даярланады. Қала аумағында екі шағын станция орналасқан. Аудан бо-
йынша 5 мегаВатт электр энергиясы тұтынылады. Тұтынушылар саны жыл сайын артуда. Ауыл шаруашылығының жаңа құрылымдары ашылуда. Оларға бұл кәсіпорында кеңестер беріледі. Бұдан кейін біз Шортанды аудандық электр жүйелерінің нысандарын аралап көрдік. Аталмыш жүйелер басшысы Анатолий Хабовский өткен жылы Бозайғыр ауылы мен Шортанды кентішілік электр қуатын тарату желілері қалпына келтірілгенін айтып берді.
–Шортанды ауданы бойынша 1,4 мың шақырым электр желісі тартылған. Оның 58 шақырымы жаңғыртылған. 261 кешенді трансформаторлық шағын станциясына қызмет көрсетіледі. Оның 33-і жаңартылған. Бозайғыр ауылында жаңа бағаналар орнатылып, 21,3 шақырым алюминий сымының орнына кабель тарттық. Сондай-ақ, ауылда 13 кешенді трансформаторлық шағын станцияның орнына жаңа түрі орнатылып, 13,9 шақырым сым кабельмен ауыс-
тырылды. Шортанды кентінде 6,5 шақырым желі сымының орнына кабель тартылып, бес кешенді трансформаторлық шағын станция ауыстырылды,–деді ол. Жалпы, Шортанды кентіне 13 кешенді трансформаторлық станция электр қуатын таратады. Бюджеттік саланың мекемелері үшін арнайы кешенді трансформаторлық шағын станция орнатылған. Жаңа қондырғылар жарықтың тұрақты берілуіне мүмкіндік беріпті. Бұланды аудандық электр жүйесінің басшысы Марат Әкімов өткен жылы қондырғыларды жаңғырту аясында «Заводской» шағын станциясының майлы электр ажыратқышы элегаздық бактік ажыратқышпен ауыстырылғанын, жыл соңына дейін төрт шағын станция орнатылып, 12 шақырым электр желісіне кабель тартылатынын айтып берді.

Рамазан Тілеуов.

Суреттерді түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.
Ақкөл, Шортанды және Бұланды аудандары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар