Жел де қуат береді

Көкшетау қаласының іргесінде жаңа жел электр стансасы салынып жатыр. Нысан іске қосылған кезде облыс орталығы баламалы энергия көзін пайдаланатын болады.

Краснояр кентінің аумағында қолға алынған «ВетроИнвестКөкшетау» ЖШС жобасының құны 1,7 миллиард теңгені құрайды. Құрылыс учаскесінің басшысы Асхат Жақсыбергеновтың айтуынша, жоба бойынша барлығы 5 жел генераторын орнату жоспарланған. Оның əрқайсысының қуаты –сағатына 750 КВт. Барлық қондырғының жалпы қуаты сағатына 3,2 МВт құрайды. Қазіргі кезде монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Келер жылдың жазында жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Сол кезде жел генераторынан алынған электр қуаты Көкшетау қаласына тасымалданатын болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *