Билер кеңесі құрылмақшы

Жоғарғы сот төрағасының бастамасымен қолға алынған билер кеңесін құру жөніндегі бастама Ақмола облысында да қызу қолдау тауып отыр. Таяуда Зеренді аудандық соты мен аудандық ардагерлер кеңесі билер кеңесін құру жөніндегі меморандумға қол қойды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Зеренді аудандық сотының төрағасы Қайрат Шәймергенов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекболат Көшкентаев билер кеңесін құру туралы меморандумға қол қойды. Аудандағы халық алдында сыйлы, беделді қариялардан құралған билер кеңесі ел арасындағы ұсақ-түйек дауларды сотқа жеткізбей шешіп, бітімгершілік қызметін атқарады. Билер институты қазақ халқында ежелден болғаны мәлім. Дегенмен, бүгінгі билер кеңесінің бұрынғы қазақ билерінен көп айырмашылығы бар. Олар ең алдымен, қоғамдық негізде жұмыс жасайды және ұсақ-түйек дау-дамайларды екі тараптың мүддесін ескере отырып, бітімгершілікпен мәмілеге келтіруге күш салады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар