Ойларын қылқаламмен жеткізді

 Ұлы Жеңістің 70 жылдық құрметіне Қосшы №2 орта мектебінде көркемсурет байқауы болып өтті.

  Өскелең ұрпақтың бойында отаншылдық рух қалыптастырып, ата-баба ерлігін үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада оқушылар соғыс тақырыбында салған суреттерін ұсынды. Әсіресе, олардың жұмыстарында шынайылық айқын көрініс тапты. Оқушылар отты жылдардың зілбатпан қайғы-қасіретін  ақ қағаз бетінде еркін бейнелей алған.  Тағы бір айта кетерлігі мектеп кітапханашылары ұстаздар мен оқушылардың назарына «Жеңіс туы, желбіре» атты кітап көрмесін ұсынып, Ұлы Отан соғысы туралы жазылған шығармаларды оқуға кеңес берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар