Азаматтарды емханаға тіркеу жүріп жатыр

Облысымызда жыл сайынғы емханаларға тіркелу науқаны жүріп жатыр. Бүгінгі таңда жергілікті жердегі емханаларға тіркелген халықтың саны 770 770-ке жетті. Алайда, 26 азаматқа алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсету ұйымдарына тіркеуден бас тартылыпты. Оның басты себебі – бұл жеке куәлігі, Қазақстан Республикасының азаматтығы мен тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелгендігін айғақтайтын құжаттарының жоқтығы себеп болған.

Қазір баланы емханаға онлайн тіркеуге болады. Балаларды емханаға тіркеу қызметі электронды үкімет порталы және Telegram-боте egov.kz-те қарастырылған. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы қызметті әзірлеушілерінің мәліметінше, портал арқылы қызмет алу үшін азаматтың egov.kz тіркелуі және электронды сандық қолтаңбасы (ЭСҚ) болуы қажет. Сонымен қатар, онлайн қызмет 2007 жылы туған балаларға көрсетілмейді.
Ең алдымен, қолданушы «Денсаулық» бөлімінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымды, артынан балаларға қызмет деген пунктті таңдайды. Жүйеге баланың ЖСН-і теріледі де, ақпарат АХАЖ бөліміне туыстық қатынасты анықтауға жіберіледі. Бұдан соң онлайн өтініш жазылады. Онда медициналық ұйым мен учаскелік дәрігер таңдалады. Көп ұзамай тұрғынның жеке кабинетінде аталған өтініштің қабылданғаны, болмаса қабылданбағаны белгілі болады.
Сонымен қатар, Telegram Bot арқылы қызмет алу үшін https://t.me/EgovKzBot сілтемесіне кіріп, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымның қызметін таңдау қажет. Бұдан кейін «Бастау» (Старт) тетігін басып, ұялы телефонның нөмірін чатта пайдалануға рұқсат беру керек. Әрі пайдаланушының мобильді азаматтар базасында тіркелуінің болуы шарт.
Қазіргі кезде еліміз бойынша халықты емханаларға тіркеу науқаны жүріп жатыр. Науқан 2018 жылдың 15 қарашасына дейін жалғасатын болады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыстық филиалы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар