Майдангер жастармен кездесті

Орталық қалалық кітапхана жүйесінде өткен «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты кеш әсерлілігімен есте қалды.

Жастармен кездесу кешіне соғыс ардагері Саттар Жақанов  қатысты.
Шараның мақсаты жастарға соғыс ардагерлері туралы мағлұмат беріп, олардың ұлтжандылық сезімдерін ояту. Сондай-ақ, жауынгерлердің ерлік істерін дәріптеу.  Кеш барысында жастарға Ұлы Отан соғысы мен отты жылдары толарсақтан саз кешкен жауынгерлер туралы біршама мағлұмат берілді. Өз кезегінде, соғыс ардагері Саттар қария жас ұрпаққа сұрапыл соғыстан естелік айтып, бейбіт өмірдің  мәнін түсіндірді.
Шара соңында жастар ардагерге өздерін толғандырған сауалдарын қойып, «Ерліктің, өрліктің биік рухы» атты көрмені тамашалай алды.
Айнагүл ҚАСЫМОВА,
Көкшетау қалалық ақпараттық
 кітапхана жүйесінің  кітапханашысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар