Жылу тарифі төмендейді

Көкшетау қаласында 1-ші желтоқсаннан бастап, жылу ақысы арзандайды. Ақмола облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің 2018 жылдың 31 қазанындағы бұйрығы бойынша Көкшетау қаласы әкімдігі жанындағы «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорнында қосымша құн салығын есептегенде 36 пайызға төмендетілген уақытша мөлшерлі өтемақы тарифі бекітілді.

Өндіріс бойынша жылу энергиясын өткізу, беру, үйлестіру және жабдықтауда дифференциялды тариф есептеу аспаптары бар жеке тұлғаларға 2101,68 теңгеден 1329,09 теңгеге дейін, есептеу аспаптары жоқ жеке тұлғаларға 4520,24 теңгеден 2858,57 теңгеге дейін төмендетіледі. Ал, есептеуіш аспаптары бар заңды тұлғаларға 5244,83 теңгеден 3316,8 теңгеге дейін, есептеу аспаптары жоқ заңды тұлғаларға 9395,12 теңгеден 5941,4 теңгеге төмендейді. Сонымен қатар, жылу энергиясын есептеу аспабы жоқ, жеке су есептеу аспабы бар тұтынушылар үшін су жылыту ақысының көлемі 226,01 теңгеден 142,93 теңгеге дейін, жылу энергиясын есептеу аспабы жоқ, жеке су есептеу аспабы жоқ тұтынушылар үшін су жылыту ақысының көлемі 711,95 теңгеден 450,22 теңгеге дейін арзандағалы отыр.
«Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорны мамандарының мәліметі бо-йынша, өтемақы тарифі 1 жылға енгізілген. Сөйтіп, 1 шаршы метр үшін тариф бұрынғы 130 теңгенің орнына енді 82 теңгені құрайды.
Жылу ақысының төмендеуіне облыстық прокуратураның «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорнына жүргізген тексерісі себеп болған. Прокуратура анықтағандай кәсіпорынның 2015-2017 жылдар аралығында негізсіз 1,3 миллиард теңге көлемінде табыс тапқаны әшкереленді. Нәтижесінде желтоқсанның 1-нен бастап, көкшетаулықтар 1 шаршы метр үшін 73,4 теңге төлейтін болады. Бұл қолданыстағы тарифтен екі есеге дейін арзан.
Жақында Астанада тариф қалыптастыру сұрақтары бойынша өткен қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Бас прокуратураға монополистердің қызметін тексеру туралы тапсырма берген болатын.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар