«Мәлік Ғабдуллин – қазақтың Оқжетпесі»

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин Кеңес Одағының Батыры, академик, педагог, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің Көкшетаудағы музейінде өткізілген «Мәлік Ғабдуллин – қазақтың Оқжетпесі» атты альбом-кітаптың тұсаукесеріне қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Тұсаукесер рәсімінде Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин құттықтау сөз сөйлеп, «Мәлік Ғабдуллин – қазақтың Оқжетпесі» атты альбом-кітапты Батыр атындағы музейге табыс етті. Одан әрі «Алтын кітап» баспа үйінің директоры Вячеслав Захарович Титенов, қоғам қайраткері, жазушы-драматург, «Ақмола-«Тіршілік» серіктестігінің директоры Жабал Ерғалиев және музей директоры Құдайберлі Мырзабек сөз сөйлеп, бұл шараның Мәлік Ғабдуллиннің есімін ел есінде сақтау бағытында жасалған игі қадам екендігін айтып, жылы лебіздерін білдірді.
Осынау айтулы еңбекте батырдың өмірі мен шығармашылығы, қоғамдық қызметі және М.Ғабдуллин музейінің экспозициялық залдары туралы толыққанды мағлұмат берілген. Альбом-кітап Алматы қаласы «Алтын кітап» баспасында
барлығы 1000 тиражбен жарыққа шықты.
Іс-шараға Астанадан келген ғалымдар, Көкшетаудың зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен қаламгерлер, жоғары оқу орындарының басшылары, батырдың ұрпақтары мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар