Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің Ұлттық валюта – Теңге күнімен құттықтауы

Қымбатты ақмолалықтар!
Сіздерді айналымға енгізілгеніне 25 жыл толып отырған Ұлттық валютамыз – Теңге күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1993 жылдың 15 қарашасында тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа парағы ашылды. Осы күні Елбасының Жарлығымен ұлттық валюта – теңге қаржы айналымына енгізілді. Бұл тәуелсіз еліміздің тарихында азаматтарымыздың әл-ауқатын көтеруде елеулі оқиға болғаны сөзсіз. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің естелігінде атап өткендей: «Өз мемлекеттігіңді құруда, өзіңнің валютаңсыз елестету қиын. Ерте ме, кеш пе оны енгізу қажет. Валюта – экономиканың күретамыры». Осы айтулы күні еліміздің қаржы-несие саясатын ойдағыдай жүзеге асыруға өлшеусіз үлес қосып келе жатқан қаржы саласының қызметкерлері де кәсіби мерекесін атап өтеді. Ақмола облысының қаржы қызметкерлерінің тәжірибесі, білімі және кәсіби шеберлігі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақты кепілі болып табылады.
Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық пен бақыт тілеймін. Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі жолында жаңа кәсіптік жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар