Мұғалім мәртебесі биіктейді деген сенімдеміз

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат, тиімді сыртқы саясат, әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы сияқты стратегиялық маңызды мәселелер анықталып және оларды шешудің нақтылы жолдары мен міндеттері белгіленді.

Мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін жүктемені азайту, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан босату мәселелері атап көрсетілген «Педагог мәртебесі туралы» Заңының әзірленіп қабылданатыны, ұстаздар қауымының көңілінен шығып, үлкен қуанышқа бөледі.
Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін еккен диқан да, мал бағып, терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Қазіргі заманауи ХХІ ғасырда мұғалімдер үшін мұндай заң аса қажет. Себебі, ұстаздың мәртебесі – елдің мәртебесі. Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы.
Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұрған. «Тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді», – деп атақты Әл-Фараби айтқандай, осындай жандарға ілтипат таныту – адамгершіліктің ілгері бір қадамы. Сондықтан, Елбасының жаңа Жолдауы білім саласындағы қызметкерлердің жұмысына жаңа серпін беретіні сөзсіз.
Қанат АХМЕТОВ,
Целиноград аудандық білім бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар