Қаржы бөлінсе, бу қазандығының қуаты артады

25 қыркүйекте Ақкөл қаласындағы білім саласының 35, денсаулық сақтау саласының 28 нысанына және 28 әлеуметтік нысанға жылу берілді. Сөйтіп, әлеуметтік саланың барлық нысандары жылумен толық қамтылды.

1 қазанда жалпы 1416 пәтері бар 60 тұрғын үй орталық жылу жүйесіне қосылды. Олар дайындық паспортын жылу беру маусымының басына дейін толық дайындап үлгерді. Ақкөл аудандық әкімдігінің мәліметі бойынша қалада орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етуге көшудің жоспарлы жұмысы жүргізілуде. 2011 жылы бу қазандығы салынды. 2012 жылы «Восточный» шағын ауданының жылу жүйесі қалпына келтірілді. Бу қазандығының қызметін Нұрмағанбетов, Иманов, Булавский және Абылай хан көшелеріндегі көп пәтерлі 16 тұрғын үй ала бастады.
Бүгінгі таңда бу қазандығына көп пәтерлі 17 тұрғын үй, 2013 жылы Иманов көшесіндегі тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша салынған 4 қабатты тұрғын үй қосылды. Нұрмағанбетов көшесіндегі 9 және 13 тұрғын үйлеріндегі тұрғындардың өтінішіне келсек, бұл үйдің тұрғындары 1994 жылдан бері пешті пайдаланады, кейбіреуі электр жылуымен қамтамасыз етілген.

Облыстық ішкі саясат басқармасы
жанындағы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар