Ақмола мен Сырдария: ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндігі

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Шымкент қаласында болып өткен Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының

арасындағы аймақаралық ынтымақтастық форумы аясында Сырдария облысының хәкімі Гофуржон Мирзаевпен ынтымақтастық келісіміне қол қойды.

Форум жұмысына құрамында кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы басқармаларының, кәсіпкерлер Палатасының өкілдері, бизнесмендер бар Ақмола облысының делегациясы да қатысты.
– Соңғы уақытта Сырдария және Ақмола облыстарының арасындағы қарым-қатынас ерекше серпін алуда. Көкшетауда біз 20 миллион АҚШ долларына экспорттық байланыстар бойынша инвестициялық келісімдерге қол қойдық. Сондай-ақ, «Новопэк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен де 10 миллион АҚШ долларына келісімдер жасалды. Сырдария және Ақмола облыстары қолда бар даму әлеуеттері бойынша бір-біріне ұқсас аймақтар. Сондықтан, олардың өзара даму перспективалары мен экономиканың басқа салаларындағы мүмкіндіктері тығыз қарым-қатынас жасауға жол ашады,–деп атап көрсетті өз сөзінде Сырдария облысының хәкімі.
Тараптар экономика мен сауда, туризм, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында ынтымақтастық байланыстарды дамытуға мүдделі.
2017 жылы Ақмола облысы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы сыртқы сауда айналымының көлемі 72 миллион АҚШ долларын құраған болатын. Аймақтар арасында тікелей сауда байланыстарын орнату халыққа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын басы артық делдалдық буындарсыз жеткізіп, сатуға мүмкіндік береді.
Ақмола облысы өзбек еліне картоп, бұршақ дақылдары, бидай, арпа, жүгері, ұн, күнбағыс дәнін экспортқа шығарып, ол жақтан жеміс шырындарын, әк,
орама қалташалар мен пакеттерді
импорттайды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар