Теңгенің салтанаты

Көкшетаудағы «Достар» мәдениет сарайында Ұлттық валюта – Теңге күні салтанатты жағдайда аталып өтілді. Бұл шараға қаржы саласының ардагерлері мен қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Ұлттық валюта – Теңгенің айналымға енгізілген күнінен бастап, Қазақстан тарихында жаңа кезең басталды. Осы жылдар ішінде теңге өзінің қабілеттілігі мен тұрақтылығын дәлелдей отырып, түрлі сынақтарды және қиыншылықтарды басынан өткерді. Егеменді Қазақстан үшін бұл күннің маңызы зор, өйткені, ұлттық валюта кез-келген мемлекеттің тәуелсіздігінің Конституция, Ту және Елтаңбамен қатар маңызды атрибуты болып қана қоймай, мемлекеттің тарихын, мәдениетін, тұрмысын және дәстүрін нақтылайтын «визиттік кәртішкесі» болып табылады.
Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктері – еліміздің қалыптасуының алғашқы күнінен бастап барлық жағдайда, оның ішінде өз валютасын шығаруда тәуелсіз болуға бағытталған ел саясатының нәтижесі.
–25 жылда теңге ғана емес, еліміздің бүкіл қаржы жүйесі де бірнеше даму сатысынан өтті. Елдің қаржы нарығы күш алды. Жаңа технологиялық және цифрлық шешімдер де кеңінен енгізілуде. Осының нәтижесінде Қазақстанның қаржы жүйесі әрі қарай да табысты дамуын жалғастырады. Мұның бәрі мына сіздердің жемісті еңбектеріңіздің жарқын көрінісі, – деген облыс әкімінің орынбасары Қанат Мұратұлы Ыдырысов құттықтау сөзінен кейін, бірқатар қаржы саласының қызметкерлерін облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар