Ташкентте сауда үйі ашылады

2019 жылдың қаңтарында Ташкентте Ақмола облысының сауда үйі ашылатын болды. Бұл Өзбекстан Сауда палатасы мен Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының келісімі негізінде жүзеге аспақшы.

Шымкент қаласында өткен Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі форумда осы жайында уағдаластыққа қол жеткізілген болатын. Бұл бастаманы Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық кәсіпкерлер палатасы көтергендігін айта кеткен артық болмас. Сауда үйінің ашылуы ақмолалық тауар өндірушілердің өнімдерін өзбекстандық тұтынушыларға тікелей ұсынуға мүмкіндік туғызады және облысымыздың экспорттық әлеуетін арттыруға игі ықпалын тигізеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар