Жедел жәрдем көліктері берілді

Целиноград ауданына қарасты Қоянды, Талапкер, Қараөткел және Қабанбай батыр ауылдық округтеріндегі дәрігерлік амбулаторияларға жедел жәрдем көліктері берілді. Елорданың іргесіндегі тұрғындарының саны жыл санап өсіп келе жатқан бұл елді мекендерге осындай сыйлық жасалуы халық үшін үлкен қуаныш болды. Өйткені, ендігі уақытта ауырған жандарға жедел жәрдем көліктері арқылы жылдам медициналық көмек көрсетілуге жағдай жасалмақшы.

Жедел жәрдем көліктерін табыс ету салтанатына облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мен облыстық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Александр Высоцкий қатысып, өздерінің жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді.
Целиноград аудандық емханасының бас дәрігері Г.Бикетова жедел жәрдем автокөлігін алған Қоянды, Талапкер, Қараөткел және Қабанбай батыр ауылдарының дәрігерлік амбулаториясының қазіргі жай-күйі мен атқарылып жатқан жұмыстары жайында айтып берді. Астананың дәл іргесінде орналасқан ауылдардың тұрғындары бастары ауырып, балтыры сыздай қалған жағдайда жедел жәрдем шақыртуы күрделі мәселе болып келген еді. Ендігі уақытта ауылдағы дәрігерлік амбулаторияның жедел жәрдем көлігі ауруларға жедел көмек көрсететіні анық.

Д. ОРАЛБЕКҰЛЫ.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар