Сотталғандарды еңбекпен тәрбиелеу

ЕЦ-166/25 мекемесі Ақмола облысы Зеренді ауданының Гранитный кентінде, Көкшетау қаласынан солтүстік-батыс бағытта 17 шақырым қашықтықта орналасқан. 1960 жылдан бері жалпы режимдегі түзеу колониясы ретінде жұмыс істейді.

Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды орындау кезінде сотталғандарды еңбекпен қамтуға ерекше назар аудару қажет. Мекемеде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімі бар. Мұнда бөлім бастығы әділет майоры А.Е.Махамбетова, әділет лейтенанты А.К.Иранов, әділет лейтенанты А.Б.Қайырболатова қызмет етеді. Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру арқылы оларды қалыпты тұрмысқа тәрбиелеуге мүмкіндік жасалады. Сотталғандардың еңбекпен қамтылуы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындайтын мекемедегі моральдық-психологиялық және жедел жағдайдың тұрақтылығына игі ықпалын тигізеді.
Сонымен бірге сотталғандардың қоғамнан оқшаулау жағдайындағы еңбегі олардың өзі үшін де, мекеме үшін де экономикалық маңызы бар. Еңбек өнімін сату сотталғандарға қосымша материалдық құралдар алуға мүмкіндік береді, олардың көмегімен отбасына материалдық көмек көрсете алады, қылмыс жасау арқылы келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеу туралы талап-арыздар бойынша талаптарды қанағаттандыруға мүмкіндік туады. Сондай-ақ, бостандыққа шыққаннан кейін бейімделу үшін қажетті ақша қаражатын жинақтау, мекеменің тыныс-тіршілігін қолдауға да септік жасайды.
Мекемеде тоқсан сайын «Шағын және орта бизнес субъектілері үшін ашық есік күні» өткізіледі. Аталған іс-шараға сотталғандар үшін қосымша жұмыс орындарын және жаңа өндіріс түрлерін ашуға көмектесетін кәсіпкерлер шақырылады. Барлық мүдделі жеке кәсіпкерлерді өндірісті ашу ісіне белсене қатысуға шақырамыз.
Қазіргі күні сотталғандар Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр селосында орналасқан Агротехникалық колледжінде бес мамандық бойынша білім алуда.
Анар МАХАМБЕТОВА,
әділет майоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар