Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің ауыл шаруашылығы қызметкерлерін құттықтауы

Құрметті ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері!
Сіздерді кәсіби төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Елбасы агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін арттыру және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемін ұлғайту бойынша біршама міндеттер жүктеп отыр. Сіздердің жоғары кәсіби шеберліктеріңіздің және қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесінде бұл мақсатқа қол жеткізетінімізге сенімдімін.
Облыстың агроөнеркәсіп кешенінің еңбеккерлері өздерінің кәсіби мейрамдарын жақсы көрсеткіштермен қарсы алуда. Бүгінгі таңда Ақмола облысының агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы нақтылы көрініс беруде. Өңірде орақ науқаны ойдағыдай аяқталып, облысымыз еліміздің басты сарқылмас қорының бірі екенін дәлелдеп отыр. Біздің диқандарымыздың күні-түні атқарған еңбегінің арқасында 5,6 миллион тонна дәнді дақыл жиналды, оның орташа өнімділігі 13 центнерді құрады.
Етті мал шаруашылығын дамыту жолында жаңа фермаларды аша отырып, зәкірлік кооперацияларды енгізуге ерекше мән берілуде, олардың саны алдағы 5 жылдың ішінде 700-ден асуы тиіс. Ағымдағы жылы мал бордақылау кәсіпорындарының бір мезетте мал бордақылау қуаттылығы 13 мың мал орнына ұлғайды. Сүтті мал шаруашылығын дамыту шеңберінде ағымдағы жылы «отбасылық үлгідегі» 12 тауарлы-сүт фермасы құрылды, мамандандырылған тауарлы-сүт фермалары өндіріс көлемін арттыруға септігін тигізеді.
Құрметті диқандар мен фермерлер, агросервис, дайындау және қайта өңдеу кәсіпорындарының қызметкерлері, сіздердің алған білімдеріңіз, жинаған баға жетпес тәжірибелеріңіз өңірдің агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыруға септігін тигізетін болады. Осы айтулы күні сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық және ел игілігі үшін жасап жатқан еңбектеріңізге жеміс тілеймін. Бағындырар белестеріңіз бен алар асуларыңыз көп болғай!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар