Темекенің зияны

Темекінің құрамында өте улы зат – никотин бар. Шылым шеккенде адам ауамен бірге темекінің де түтінін жұтады. Шылымның күніне жиырмасын тартқан адам 90 мл шамасында никотин жұтады. Алғаш рет темекі тартқанда адам уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді.

Темекі тыныс алу мүшелерінің сілекейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Сөйтіп, қорғаныш туғызатын қасиеті нашарлаған сілекейлі қабықша арқылы ауру туғызатын микробтар енеді. Сондықтан, темекі шегетін адамдар көбінесе суық тиіп, тағы басқа ауруларға тез шалдығады. Темекінің түтіні өкпе тарамдары мен тыныс жолдарын бітеп, түрлі ауруларға шалдықтырады. Никотин қан тамыршаларын тарылтады. Бұл тыныс алу жолдарының ауруына шалдықтырады, өкпедегі аурумен ауырғандардың 97 пайызы шылым шегетіндер.
Неғұрлым адам өте ерте бала кезінен шылым шегумен айналысса, соғұрлым ауруға жиі шалдығады. Мұндай жағдайда ағзаны оттегімен қамтамасыз ету мүмкін емес, газ алмасу бұзылады да, өкпеде ауру туғызатын микробтарға, яғни, туберкулез таяқшаларына қолайлы жағдайлар туады. Темекі түтінінде радиоактивті заттар болады. Күніне бір қорап шылым тартқан адамдар мөлшерден артық 3,5 сәулеленуге ұшырайды. Темекіден ауаға күкірт қышқылы, аммиак, никотин, темекі майы, иісті газ шығады. Денсаулықты сақтау үшін таза ауамен тыныс алу керек. Адам бір рет тыныс алғанда 500 мл ауа жұтады. Егер ол минутына 16-18 рет тыныс алса, онда ол 800-900 мл ауаны тыныс мүшелерінен өткізіп, оттегін өкпе арқылы қанға өткізеді. Тыныс алу мүшелері ауруларының алдын алу үшін бөлменің ауасын таза ұстап, жеке басының тазалығын және науқастармен қарым-қатынас жасау ережелерін сақтап, денені шынықтыру қажет.
Темекінің зияны туралы айтылып та, жазылып та жүр. Құлақ асар жан болса зиянды әдеттен әлдеқашан арылған болар едік. Алайда, темекіге деген тәуелділік азаяр емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 миллион адам қайтыс болыпты. Бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған.
Қазақстанда қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі шегеді екен. Зиянды әдеттен арылуға бүгіннен бастап күш салмасақ, темекі талайлардың түбіне жетер түрі бар.
Осынау ойды халық арасында насихаттап, қалыптастыру бағытында Ақмола облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен біршама жұмыстар атқарылуда. Темекі шегудің алдын алу бойынша келесі іс-шаралар өткізілді: акция 70, семинар сабақтары 7; дәрістер 420; 18165 ақпараттық білім беру материалдары таратылды. Жұмыс берушілермен кәсіпорын аумағында темекі шегуге тыйым салу туралы меморандумға қол қойылды. Осындай игі істердің нәтижесінде жұртшылыққа темекінің зияны туралы түсіндірілді. Дей тұрғанмен, темекіге қарсы күрес мұнымен тоқталған емес. Сондықтан да ата-аналар, оқытушылар, дәрігерлер бірлесе отырып «әдемі өмірдің» сәніне айналған, денсаулыққа, қоғамдық моральға орын қалдырмай отырған темекі шегумен күреске шығуы керек.
Салауатты өмір салтын қолдайық, денсаулықты сақтайық!
Бақытгүл РАМАЗАНОВА,
Ақмола облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар