Архив деректері цифрлық үлгіде сөйлеуі керек

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын ұжым болып қызу қолдаған облыстық архивтер мен құжаттамалар басқармасы арнайы жиын өткізіп, жұмыс жоспарларын нақтылады.

Шарада алдымен сөз алған басқарма басшысы Мәрзият Тохаева: – Бұл бағдарламалық мақала Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегінің заңды жалғасы ретінде қарастырылған. Мақаладағы «Тарихи сананы жаңғырту» тарауында бізге арналған «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау қажеттігі бүгінгі күннің талабын дөп басып тұрғаны айқын. Елбасы осы мақала арқылы ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу қажеттігін баса айтқан. Сондай-ақ, «Қай жағынан болсын, бұл маңызды жұмыс мемлекет есебінен атқарылатын «академиялық туризмге» айналмауға тиіс. Архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру қажет» деген Елбасының сөзін басшылыққа ала отырып, архив құжаттарының әлі де олқы тұстарын жетілдіріп, халыққа барынша қолжетімді болуына бағытталған арнайы жобалар дайындап, оны жүзеге асыру жұмыстарына бүгіннен бастап кірісетін боламыз, – деді.
Одан әрі сөз алған архив қызметінің ардагері Александр Положенцев те, қазіргі кездегі ақпараттық әлемде мұрағаттар маңызды рөл атқаратынын айта келе, Елбасының мақаласы тарихымыздың өткенін зерделейтін өте бір бағалы еңбек болғанын үлкен ризашылықпен жеткізді.
Қашанда қажеттi ақпаратты iздестiруге дайын екенін танытып жүрген архив ұжымы Елбасының кезекті бағдарламалық мақаласын бастан-аяқ оқып шығып, біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты екендігін айқындаған құнды еңбекті қызу қолдайтындықтарын және осы бағытта құлшыныспен еңбек ететіндерін жеткізді.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар