Қолдау да, көмек те жасалады

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің жеке қабылдауына келгендер негізінен тұрғын үй, жер телімін алу, материалдық көмек және басқа да мәселелер бойынша өтініштерін білдірді. Көкшетау қаласында тұратын көп балалы ана Любовь Погорова тұрғын үй алу кезегінде тұрғандығын айтып, баспаналы болуға көмектесуді сұрады.

Облыс басшысы соңғы жылдарда Көкшетауда тұрғын үй құрылысының қарқын алғандығын, осыған орай мемлекеттік қор есебінен тұрғын үй алу кезегі бойынша бас-паналы болу мүмкіндігінің барлығын айтты.
Облыс әкімі М.К.Мырзалиннің қабылдауына кірген «Орленок» ЖШС директоры Павел Безвербный мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде балалардың демалатын орнын салу мәселесін көтерді. Кәсіпкер «Discovery-Borovoe» жобасына ұқсас етіп бүгінде білім басқармасының балансында тұрған «Звездный» балаларды сауықтыру орталығын жаңғыртуды қолға алғысы келетінін айтты. Кәсіпкер өз қаржысына орталықтан амфитеатр, жүзу бассейні, асхана салып балалардың демалуы үшін жақсы жағдайлар жасамақ. Облыс әкімі облыстық білім және туризм басқармаларының қатысуымен бұл мәселені шешу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.
«Divera» медициналық қызмет көрсету желісінің директоры Айдын Айтпенбетов мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Көкшетау қаласында орталықтандырылған медициналық зертхана салуды жоспарлап отырғанын айтты. Оның сөзіне қарағанда құрылысқа қажетті жер телімі, инфрақұрылымдар және еуропалық құрылғылар бар.
Облыс басшысы қабылдауға келгендердің бәрінің мәселелеріне қатысты заң шеңберінде нақты көмектер көрсетілетінін мәлімдеді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар