Қытайдың оңтүстік-батысында сірке қышқылының төгілуіне байланысты 1141 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Сәуірдің 13-і күні түстен кейін Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Сичан қаласында эпизоотиялық бақылау және алдын алу орталығының қоймасында сірке қышқылы төгілді. Соның нәтижесінде 1141 адам жедел түрде қауіпсіз жерлерге шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.
Бұл туралы Сычуань провинциясы Ляншань-Ийск автономды округінің өртке қарсы қызметі хабарлады.
Зардаптарды жоюға 40 астам адам жұмылдырылды. Олардың көмегімен 576 отбасыдағы 1141 адам қауіпсіз жерге шығарылды.
Қазіргі уақытта, қауіптің беті қайтып, төгілген зат ауыздықталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар