Әлем өркениетіндегі халықтық үлес

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы Ұлы даланы мекендеген қазақ елінің, мәдениетінің 40 ғасырлық тарихы бар екендігін дәлелдейтін нақты тарихи ой-тұжырымдармен жан-жақты көрсетілген және халықтың көкейінен шыққан тарихи туынды болып отыр. Осы мақала арқылы даңқты бабалар мен көне тарихтың ұлылығын Елбасы тарихи деректермен, жетістіктермен нақты жеткізді.

Ақмола жұртшылығы арасында үлкен қызығушылық туғызып, қолдауға ие болған мақала – өткен тарихымыз бен қазіргі тәуелсіз елдің жаңаша дамуындағы басым бағыттарын айқындайды. Ең алдымен, Елбасы нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаhандық тарихтағы рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға бағыттай отырып, Ұлы даланың жеті қыры арқылы дүниежүзілік мәдениетке, ғылымға, жалпы қоғамдық дамуға өзінің зор үлесін қосқан өлкеде тұрып жатқан қазақстандықтарды жаңа кезеңге сай болуға шақырады. Ал бұдан туындайтын екінші бағыт – сананың жаңғыруы болса, сол қойылған талаптың тағы бірі – білімді болу, ғылымды дамыту.
Ұлы даланың жеті қырының бірі болып табылатын жылқы түлігінің қазақ халқымен бірге жасап, өмір кешіп келе жатқандығы жайлы ой қорытуы – Ұлы дала қуатының тарихына назар аудартады. Сонымен қатар, жануарлар бейнесін рухани және материалдық мәдениетінде ерекше көрсете білген бабаларымыздың әлемдік мәдениеттегі өзіндік орнының маңыздылығы да жан-жақты баяндалған.
Атақты «Алтын адамның» табылуы ұлы дала өркениетінің бай мұрасы – көшпелілер мәдениетінің әлемдік өркениеттегі орны бар екендігін дәлелдеудің бастауы болып, Ұлы даланың жеті қырының бірі ретінде көрсетілді. Сонымен қатар, мақалада Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан – Түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Яссауи данаға ерекше баға берілген.
Елбасы тарихымызды жаңаша көзқараспен, ой елегінен өткізе отырып, терең зерделеуді ұсынады. Әлемде еліміздің дамыған отыз елдің қатарына еніп, бәсекеге қабілетті болуы тек жаңа озық технология-лар мен білімге ғана негізделмей, сонымен бірге болашаққа сеніммен қарайтын халқымен де танымал болуы қажет.
«Ұлы даланың жеті қыры» жобасы ата-бабаларымыздың әлем өркениетінің дамуына қосып келе жатқан тарихи үлесін жаңғыртуға бағытталған және жас ұрпақтың рухани жаңаруы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға зор ықпал ететіні сөзсіз.
Мақалада туындаған міндеттерді орындауға бірлесіп күш салып, бірлікте, ынтымақта жұмыс жасай отырып, еліміздің дамуына үлес қосу – баршамыздың алдымыздағы азаматтық борышымыз. Елбасының мақаласын толығынан қуаттай отырып, облыстық мәслихаттың депутаттары өз жұмысын тиімді ұйымдастыруға күш жұмсайтынына сенімдімін.

Дулат Нұрмолдин,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар