Жас қызметкерлер ежелгі мәдениетке қызыға түсуде

Көкшетау қалалық әкімдігінің мәжіліс залында жас мемлекеттік қызметкерлердің Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға арналған кездесу болып өтті. Мәжілісті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облыстық департаменті басшысының орынбасары Райхан Братаева ашып, жүргізіп отырды.

– Баршаңызға мәлім қарашаның 21-і күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланып, қағидалы мақала тәлімдері бүкіл елімізде қолдау табуда, – деді Р.Братаева. Елбасының бұл мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының заңды жалғасы іспеттес. Бұл мемлекеттік қызметкерлер жұмысына жаңа екпін қосып, жауапкершілікті ширата түседі. Сондықтан, мақаланың түпкі мәнін терең түсінуіміз қажет. Ұлттық құндылық пен тамыры тереңде жатқан асыл тарихымызға қатысты міндеттерді жүзеге асыру ең алдымен мемлекеттік қызметкерлерге жүктелген абыройлы парыз саналады.
Кездесуде сөз алған Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тахир Мұхамадеев Елбасы мақаласындағы қоғамдық сана мен тарихи сананы жаңғырту міндеттеріне түсініктеме берді. Осы арада, ғалымның тікелей залда әлеуметтік сұрау жүргізуі тартымды болғанын әрі мемлекеттік қызметкерлердің білім деңгейін сарапқа салғандай әсер қалдырғанын айтқымыз келеді.
Жазушы-аудармашы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл мемлекеттік аты берілген қазақ ұлтының міндеттеріне қатысты пікірлерін білдірді. Мұнда ұлттық тек (код) мәселесі үлкен маңызға ие. Спикер осыған қатысты айтулы жерлесіміз Қанапияновтар отбасының үлгілі өмір жолдарын жұртшылыққа ой саларлықтай етіп әңгімеледі. Әйтсе де, «Ұлы даланың жеті қыры» қазақтардың ғана тарихы емес, осы елде тұратын барлық ұлт пен ұлыстың ортақ тарихы мен тағдыры болып табылатыны айтылды.
Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты Рауза Абдуллинаның, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Алма Құнанбаеваның танымдық баяндамаларын ден қоя тыңдады.
Бақберген Амалбеков,
өз тілшіміз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар