1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

2011 жылдың желтоқсан айының 10-шы жұлдызында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізу арқылы 1 желтоқсанды Тұңғыш Президент күні есебінде белгілеп, бұл күн мемлекеттік мерекелер санатына енгізілген болатын. Қазақстандағы президенттік билік жүйесі 1990 жылғы 24 сәуірде енгізілді де, 1991 жылғы 1 желтоқсанда тұңғыш рет президент сайлауы өткізілді.
Сөйтіп, біз барша қазақстандықтар өз президентімізді өзіміз сайлап алу құқымызды тұңғыш рет жүзеге асырдық та, еліміздің демократиялық қағидаларға берік екендігін әлем алдында тағы да бір көрсетіп берген едік. 1 желтоқсан – тұңғыш президент сайлауында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың барша қазақстандықтардың зор сеніміне ие болған күні.

 

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің тәрбиеленушілерімен кездесіп, қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы бұл мейрамның барша халық үшін қуанышты күн екенін айтты. Ол қайсарлық халықтың саны мен елдің ұлылығында емес, ұлттық рухта екенін жеткізді. «Біз, қазақстандықтар, қазақтар кең-байтақ жерімізде қанша мәдениеттің орныққанын білеміз. Олардың қатарында ғұндар, сақтар, Түрік империясы, Шыңғыс ханның қаптаған қолы да бар. Отанымызда осындай көп тарих мен мәдениет болғандықтан, біз толеранттылық пен құрметтеуді сіңірген халықпыз», – деді Мемлекет басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар