Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар! Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Осыдан тура 27 жыл бұрын Қазақстан халқы басты тарихи таңдауын жасап, өз тағдырын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа сеніп тапсырды. Осы жылдар ішінде Қазақстан өзінің Ұлт Көшбасшысымен бірге бәсекеге қабілетті мемлекет құруда орасан зор қадам жасады.
Келер ұрпаққа Қазақстанның эволюциялық даму жолындағы әлемдік саясаткер ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін әлі терең түсінуге және мойындауға, оның ұлан-ғайыр реформаторлық қызметін жан-жақты бағалауға тура келеді.
Бүгінгі таңда Елбасының басшылығымен біз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басып отырмыз. Біздің Президентіміз ел дамуының басты идеялық дем берушісі. Бізде ұлтты ұйыстырып, оны жоғары дамыған және экономикалық қуатты Қазақстанды құру тұрғысындағы алда тұрған міндеттерге жұмылдырған нағыз Ұлт Көшбасшысы бар. Бүгінгі мереке күні Сіздерге және сіздердің отбастарыңызға зор денсаулық, бақыт және табыс тілеймін. Біздің ортақ үйімізде әрқашан бейбітшілік, өрлеу және ынтымақ-береке болсын!

 

Құрметті ақмолалықтар!

Баршаңызды мемлекеттік ұлық мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осы бір еліміз үшін айтулы мерекенің бекітілуімен тәуелсіз мемлекетіміздің негізін қалаушы, халықтар бірлігін нығайтып, азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығын қамтамасыз етіп отырған Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі жан-жақты танылуда.
Еліміздің тарихын таразылап, қайта жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» жобасында алға қойылған басты міндеттерді орындау жолында ел азаматтарына бірлік, қажымас қайрат тілеймін.
Ортақ Отанымыз Қазақстанымыздың аспаны ашық болсын, елімізді мекендейтін барша халықтар арасында тұрақтылық пен татулық орнап, өзара келісім салтанат құрсын! Осы айтулы мерекемен баршаңызды құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, амандық-саулық, әрбір бастамаларыңызға табыс, болашақтарыңызға сенімділік тілеймін!
Дулат Нұрмолдин,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар