Көкшетаудағы қуаныш

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында облыс әкімі Мәлік Мырзалин «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында баспаналы болған бір топ көкшетаулықтарға салтанатты жағдайда жаңа пәтерлердің кілтін тапсырды. Сондай-ақ, осы мереке қарсаңында ашылған балалардың электронды кітапханасы мен «Алтынсарин» білім беру кешенінің жұмысы және бірқатар тұрғын үйлердің құрылысымен жақын танысты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен қазақстандықтарды баспанамен қамту бойынша қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар біздің өңірімізде де жүзеге асырыла бастады. Оны Тұңғыш Президент күні қарсаңында облыс орталығының бір топ тұрғындарына жаңа пәтердің кілтін тапсыру салтанатынан айқын аңғаруға болады.
Ж.Саин көшесінің бойына орналасқан алты қабатты «Эстет» тұрғын үй кешенінің құрылысы 2017 жылы басталған. Жобаның жалпы құны – 785 миллион теңге. Құрылыс жұмыстарын «Эстет Строй» серіктестігі жүргізді. Баспаналы болғандар негізінен
«7-20-25» бағдарламасына қатысушылар. Жаңа тұрғын үйден пәтер кілтін тапсыру рәсіміне аймақ басшысы Мәлік Мырзалин қатысып, шаңырақ иелерін қуаныштарымен құттықтады.
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолда-уында халықты баспанамен қамту мәселесі бас-
ты орын алады. «7-20-25» бағдарламасының біздің өңірде де ойдағыдай жүзеге асырылып жатқаны қуантады. Ақмола облысы аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру көрсеткіші бо-йынша республикада 5-ші орында тұр. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғастырылып, үй кезегінде тұрған халық баспанаға қол жеткізетін болады. Бүгінгі қуаныштарыңыз қуанышқа ұласа берсін, – дей келе, облыс әкімі М.Мырзалин бір топ қала тұрғынына жаңа пәтердің кілтін табыс етті.
«Эстет Строй» серіктестігінің директоры Олег Малаховтың мәліметінше, 6 қабатты тұрғын үйдің жалпы аумағы 5200 шаршы метрді құрайды. Ал, пәтердің 1 шаршы метрінің құны 180-220 мың теңге шамасында. Қазіргі кезде тұрғын үй кешенінің маңы абаттандырылып жатыр.
Аймақ басшысының айтуынша, облыс орталығын дамытуда басты назар тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды салуға аударылуда. Сондықтан, алдағы уақытта көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын арттыру көзделген. Биылғы жылы облыс бойынша төрт мың пәтер тұрғызылса, оның 1200-і Көкшетау қаласының үлесінде.
«7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 538 пәтерді субсидиялау жоспарланған.
Жалпы, 2018 жылдың 4 шілдесінен бас-тап қолға алынған «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы ақмолалықтардың қызығушылығын арттырып отыр. Бүгінгі күнге дейін облыс бойынша 1,98 миллиард теңге сомасында 222 өтініш түскен. Қазіргі күні 1,5 миллиард теңгенің 171 несиесі мақұлданған.
Сонымен қатар, облыс әкімі қазіргі заманға сай салынып жатқан «Триумф», «Астана» көпқабатты тұрғын үй кешендерінде болып, құрылыс, абаттандыру жұмыстарына назар аударды. «Юбилейный» шағын ауданындағы тұрғын үй ауласын абаттандыру жұмыстарының нәтижесі мен сапасына көңіл бөлді.
Бұл күні Ж.Саин көшесі №30 мекен-жайы бойынша балалардың электронды кітапханасы ашылды. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде ашылған кітапхананы қалпына келтіру жұмыстарына 3,6 миллион теңге қаржы бөлінген. Қазіргі заманға сай жабдықталған кітапханада электронды құжаттардың әртүрлі коллекциясы бар. Сондай-ақ, навигация және іздеу құралдарымен жабдықталған.
Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің директоры Айгүл Әбішеваның айтуынша, кітапхана базасындағы коворкинг орталықта жастардың интеллектуалды және шығармашылық жағынан дамуына жаңа мүмкіндіктер қарастырылған. Мұнда интернетке қосылған компьютер, тегін wi-fi жұмыс істейді. Сондай-ақ, кітап оқуға, сурет салып, мультфильм көруге болады.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар