Аграрлық несие корпорациясы: түпкі мақсаты – АӨК-ні дамыту

Аграрлық несие корпорациясының қолдауымен осы жылы агроөнеркәсіптік кешен саласында шамамен 6 мың жоба іске қосылды.

2001 жылы құрылған «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі компаниялар тобының құрамына кіреді және осы жылдар ішінде Қазақстанның барлық облыстарындағы 15 филиалы мен 2 өкілдікте ауқымды жұмыстар атқарылды.
Компания қызметінің негізгі бағыты – кредиттеу бағдарламалары арқылы республиканың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту. Қолдау ҚР Президентінің 2017 жылғы 14 ақпандағы Жарлығымен бекітілген 2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде айқындалған ауыл шаруашылығы өндірісінің басым бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
2001 жылдан бері Қазақстанда шамамен 17 мың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді біріктіретін 193 кредиттік серіктестік құрылды. 17 жыл ішінде кредиттік серіктестіктер арқылы фермерлерге 288 миллиард теңге көлемінде 40 мыңнан астам несие берілді.
Ағымдағы жылдың 10 ай ішінде Аграрлық несие корпорациясының қаржыландыруының нәтижесінде 174,5 миллиард теңге сомасындағы 5 928 жоба келешекке жолдама алды. Бұл өткен жылдағы қаржыландыру көлемінен 14 пайызға артық.
Қарыз алушылар, соның ішінде, қаржы институттарының соңғы қарыз алушылары, жалпы сомасы 174,5 миллиард теңгені құрайтын несие алды. Қаржы институттары арқылы қаржыландыру көлемі бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 47 пайызын құрады, олардың жалпы сомасы 82,3 миллиард теңгеге жетеді.
Корпорацияда негізгі бөлігі кредиттік серіктестіктер жүйесіне келіп түседі. Ол 70 пайызды құрайды. Оның жиынтық көрсеткішінің жалпы сомасы 57,6 миллиард теңге. Бұл – 2017 жылғы қаржыландыру көлемінен 106 пайыз жоғары.
Салалық сарапшылардың пікірінше, кредиттік серіктестіктер жүйесі жұмысының оң нәтижесіне бірнеше факторлар арқылы қол жеткізілді. Біріншісі – несие серіктестіктерінің желісі кең тармақталған және олардың ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру орындарына жақын орналасуы. AНК арқылы қаржыландыру алатын 201 кредиттік серіктестігі 157 ауылдық жерлерде, 14 облыста орналасқан. Аудандарды қамтуы 98 па-
йызды құрайды. Жүйеге 19 мыңнан астам қатысушы кіреді, ал 2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қарыз портфелі 129,2 миллиард теңгені құрады.
Екінші фактор – бақылау жүйесі. Корпорацияның стратегиясы қолданыстағы процедураларды жеңілдетуге және өтініштерді қарау мерзімін қысқартуға негізделген. АНК филиалдар мен кредиттік серіктестіктердің өзіне ең жоғары деңгейде өкілеттіктерін береді. Кредиттік серіктестіктердің рейтингісіне сәйкес 50 миллион теңгеге дейін жобаларды өз бетінше бағалау үшін өкілеттік лимиттері белгіленді. Жоғары рейтингі бар кредиттік серіктестіктер үшін өзін-өзі қаржыландыру лимиттері тек несие желісінің көлемімен ғана шектеледі.
Тағы бір табыстылық факторы – Корпорацияның қаржыландырылған қарыздары бойынша сенімді кепілдік саясатының кредиттік серіктестіктер жүйесі ауылдық жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлік, ауыл шаруашылығы техникасы және биоактивтерге кепілдік беруді қамтамасыз етеді.
«Бірі бәрі үшін және бәрі бірі үшін» қағидасына негізделген дұрыс жолға қойылған жұмыс нәтижесінде, қараша айында 4,6 пайызды құрайтын мерзімі өткен (90 күннен астам) несиелік берешектер деңгейі төмен көрсеткішке қол жеткізді.
Жыл сайын компания агробизнесті құруға және дамытуға несие береді. Ағымдағы жылы көктемгі егістік және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 60 миллиард теңге бөлінді.
Сондай-ақ корпорация ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын сатып алуды, етті ірі қара /ұсақ қара малды өсіруді, сүт бағытындағы өнімді төлдейтін асыл тұқымды ІҚМ, сүт фермалары үшін ауыл шаруашылығы техникаларын/ жабдықтарын сатып алуды, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеуді, инвестициялық және жылыжай жобаларын, өнімді бақшаларды, бордақылау алаңдарын, ет өңдеу кешендерін және АӨК қызметтердің басқа түрлерін қаржыландырады.
Корпорация етті мал шаруашылығы бағдарламасына да белсенді қатысады. Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде 57 852 бас ұсақ қара мал мен 21,025 бас ірі қара мал сатып алуға қаржы жұмсалды. Олардың ішінде нақты 6 806 бас ІҚМ жеткізілді, жылдың аяғына дейін 18,087 бас ІҚМ жеткізу жоспарланып отыр.
«Еңбек» корпорациясы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысады.
АНК мемлекеттің гендерлік саясатына ықпал етеді. Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде 718 әйел-кәсіпкерлер қаржыландырылды, қаржыландыру көлемі 35,7 миллиард теңгені құрады, бұл жалпы көлемнің 20,4 пайызын құрайды.
Мемлекеттік және салалық несиелендіру бағдарламаларын жүзеге асыру қазіргі бар жұмыс орындарды сақтап қана қоймай, қосымша жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді.
Осылайша Аграрлық несие корпорациясы жеке қаржы институттарын тарта және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің құзыреттілігін арттыра отырып қолжетімді және тиімді қаржыландыру жүйесі арқылы елдегі агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамытуға ықпал етеді.
Салтанат ДОСЕТОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар