Облыс орталығы мәртебесіне дамуы сай болуы керек

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткізілген Көкшетау қаласының актив жиналысында облыс орталығының

2018 жылдың қаңтар-қазан аралығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды.

–Биылғы жылдың өткен он айында барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер орындалды,–деп атап көрсетті өз баяндамасында қала әкімі, –экономиканың нақты секторы бірқалыпты дамып келеді, өнеркәсіп орындары 80,3 миллиард теңгенің өнімін шығарды. Нақты көлем индексі өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда, 100 пайызды құрады. Ауыл шаруашылығында өнім өндіру 4 миллиард теңгеден асып түсті. Тірідей салмақпен алғанда ет өндіру көлемі 1,7, сүт 1,8, жұмыртқа 0,7 пайызға артты.
Негізгі капиталға инвестиция салу көрсеткіші де жақсы. Баяндамада айтылғанындай, ол 30,03 миллиард теңгені құрады. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 6,1 миллиард теңгеге артық. Нақты көлем индексі 115,7 пайызға орындалды. Құрылыс саласында жұмыс көлемі 13,6 миллиард теңгеге жетіп, 152,6 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді.
Орташа айлық жалақы 2018 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 125,1 мың теңгеге жетіп, 2017 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 11,5 пайызға өсті. Бұл арада, облыс орталығының өңірлер арасында төртінші орыннан екінші орынға көтерілгендігін айта кету керек. Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 124,7 миллиард теңге болды. Бұл да былтырғы жылдағыдан 17,7 миллиард теңгеге көп. Нақты индекс көлемі 108,6 пайызға орындалып отыр.

Индустриялдандыру картасы шеңберінде «Вектор» комбайн зауыты» серіктестігі жобасын іске асыру одан әрі жалғастырылуда. Бұл жобаның жалпы құны 2 миллиард 203 миллион теңге. Мұнда 96 жұмыс орны құрылмақшы. Бірінші кезеңі биыл аяқталды, екінші кезеңін келесі жылы аяқталу көзделуде. 2020 жылы ауыл шаруашылығы техникасын сататын және қызмет көрсететін «EurasiaGroupKazakhstan» серіктестігі сервистік орталығының құрылысы аяқталады. Бұл жобаның құны да 2,6 миллиард теңге.
Жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны өсе түсуде. Биыл ол 7,2 пайызға көбейді. Тауарлар мен қызметтерге тұтынушылар бағасы индексіне келсек, ол 103,2 пайызды құрады. Баяндамашы атап өткеніндей, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері бағаны реттеудің ықпалды тетіктерінің бірі болып табылады. Осы орайда, ынтымақтастық және сүт өнімдері, нан мен жұмыртқа бағасын тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойылды.
Мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестік тетіктерін одан әрі енгізу де тұрақты бақылауда. Осының аясында жалпы сомасы 3,8 миллиард теңгені құрайтын 29 жоба (24-і білім саласында, 3-еуі тұрғын үй құрылысында, 2-еуі көлік саласында) іске асырылуда. Оның 28-і бойынша жеке әріптестермен келісім шарттар жасалып, мемлекеттік міндеттемелер қабылданды.
Бұл жол бойындағы сервис нысандары, қазіргі заманғы жылы аялдама мен туристер үшін ақпараттық тақта орнату; Қопа көлінің жағалауын дамыту және өзгелер. Жұмыстың маңызды бөлігі – тұрғын үй құрылысы. Өткен жылы бұл салада бірқатар жұмыс атқарылды. Үш 45 пәтерлік тұрғын үй уақытында пайдалануға берілді. 90 пәтерлік және 108 пәтерлік тұрғын үйлерге инженерлік жүйе тартылды. Неке қию сарайы мен «Бурабай» шағын ауданындағы 60 пәтерлік тұрғын үйдің ауласы абаттандырылды. Жыл соңына дейін 11 көп қабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Оның екеуі қазірдің өзінде пайдалануға берілді. Биылғы жылы 88,5 гектар жер телімінде 12 көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Бюджеттен қаржы бөлумен бірге, коммерциялық тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 82,7 мың шаршы метр немесе 979 пәтерлік 17 көп қабатты тұрғын үй салынды. Өткен жылмен салыстырғанда коммерциялық құрылыс алаңы 1,7 есе кеңейді. Аулаларды абаттандыру, жол мен көшелерді күрделі жөндеу жұмысы жалғасуда. Қала әкімі келесі жылы жаңа қалалық аншлагтар латын ғарпімен жазылатынын атап өтті.
–Әлеуметтік қорғау саласындағы еңбек нарығы ең сезімтал индикаторлардың бірі болып есептеледі. Есептік кезеңде экономиканың нақты секторында 2 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл жылдық жоспардың 104,2 пайызы,–деді бұл орайда Ермек Маржықпаев. Қалалық мектептер мультимедиялық қондырғылармен, арнайы кабинеттермен, жиһазбен және оқулықтармен қамтамасыз етілуде. Мектептер жаңа модификациялы кабинеттермен толық қамтамасыз етілген. Бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды қамту 57,8 пайызды, үштен алты жасқа дейінгі балаларды қамту 98,4 пайызды құрайды.
Елбасының алға қойған міндеттерінің бірі қалалардың инвестициялық тартымдылығын жақсартуға бағытталған «Смарт сити» тұжырымдамасын енгізу болып табылады. Көкшетау қаласында жолаушы тасымалдауда цифрлық технология енгізілуде. Қоғамдық көлікте электрондық билет беруді енгізу жұмысы жүргізілуде. Қолма-қол ақшасыз есептесу «Ыңғайлы бағыт» жолақысын төлеудің автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асырылатын болады. Әр кондуктор портативтік терминалмен қамтамасыз етіледі. Коммуналдық қызметті төлеудің ыңғайлылығы үшін бірыңғай төлем құжатын жасау құру мәселесі қаралуда. Аялдамаларда кодтары бар ақпараттық стендтер орнату жобасы жүзеге асырылды. Штрих кодты тану арқылы мәдениет мекемелері, қалалық кітапхана жүйесінің орналасуы және кітап қоры жөнінде ақпарат алуға болады.
–Білім нысандарында «Бұлтты бухгалтерия» енгізілуде. Бұл мәліметтерді қайта пайдаланудың ашықтығына, қолжетімділігіне және мүмкіндігіне ықпал етеді,–деген баяндамашы осыдан мысалдар келтірді.
Қалалық мәслихаттың депутаты, «Көкшетау автобус паркі» серіктестігінің директоры Әсия Шәрімова өз сөзінде қалалық бағыттарда, қоғамдық жолаушы көлігінде бақылаудың автоматтандырған жүйесін жүзеге асыру және жолақы төлеу жөнінде айтып өтті. Бұл жолақысын қолма-қол және ақшасыз төлеу есебін жүргізуге, жолаушылар тасқынын талдауға мүмкіндік береді.
Оның айтуы бойынша, қазіргі уақытта серверлер мен 200 дана көлік терминалын, автоматтандыру жүйесінің кешенді бағдарламасын сатып алуға келісім шарт жасалған. Бұдан тысқары, автобус паркінің басшылығы мемлекеттік- жекеменшіктік әріптестік аясында 36 автобус сатып алуды жоспарлауда (12 метрлік 15 дана, 9 метрлік 21 дана).
Көкшетауда «Еңбек» бағдарламасы бо-
йынша өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту туралы қалалық жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары Индира Айсина айтып берді. Биылғы жылы аталған бағдарламаға қатысты орталыққа 2601 адам хабарласса, оның 87,6 пайызы жұмысқа орналастырылды. Статистикалық деректер бойынша Көкшетау қаласында жұмыссыздық деңгейі 3,9 пайызды, жастарға қатысты жұмыссыздық 2,5 пайызды құрап отыр. Баяндамашының айтуынша, жұмыс орындарын құру мәселесі жоспарға сай орындалуда.
Актив жиналысында облыс әкімі Мәлік Мырзалин сөз сөйлеп, қала шаруашылығының даму деңгейіне баға беру барысында, Мемлекет басшысының Жолдауында атап көрсетілген қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру мәселесіне екпін түсірді. Өңір басшысы бұл орайда «Көрсеткіштердің өсуі – жақсы, бірақ, үнемі мынадай мәселелерге назар аудару қажет: бүгінгі күні көкшетаулықтардың тұрмысы жақсы ма әлде әлсіз буындар ма? Олардың тіршілік ауаны қолайлы ма, олар тиісті қызметті алып отыр ма?»,–деген сұрақтарды көлденең қойды.
Сондай-ақ, Мәлік Мырзалин жиналғандар назарын мынадай цифрларға аударды: 2016 жылы қалаға облыс бюджетінен 5,5 миллиард теңгенің мақсатты трансферттері бөлінді, ал, 2017 жылы бұл 8 миллиард теңгеге жуықтады, биылғы жылы да осы көлемдегі қаржы бағытталды. Соған қарамастан, облыстық бюджетке 2016 жылы 12 миллиард, 2017 жылы 7 миллиардтай, 2018 жылы да 7 миллиард теңге қайтарылды.
Индустриялдық секторда соңғы екі жылда өсім қамтамасыз етілмеуде, қайта өңдеу кәсіпорындарында өнім көлемі төмендеуде.
«Азық-түлік тауарларының бағасы – маңызды ұстаным болуға тиісті. Әлеуметтік тұрғыдағы 15 түрлі тауардың ішінде 12-сінің бағасы қымбаттады. Бұл тауарлардың үлкен бөлігі облыс-
та шығарылатындығына қарамастан, осындай келеңсіздік орын алған»,–деді облыс әкімі.
Мәлік Мырзалин тұрғын үйлерді пайдалануға беру туралы айта келіп, оның сапасына және қарқынды төмендетпеуге назар аударды. Бұл аулаларды жөндеу, балалар алаңдарының құрылысы, жол айырықтарын, жедел сатыларды жөндеу мәселелерін де қамтиды. Сондай-ақ, ол қаладағы құрылысы бітпеген нысандарды тіркеуге алып, тексеруді тапсырды.
Өңір басшысы үш ауысымдық оқыту проблемасын да еске салды. «Балаларға қолайлы жағдай тудыру қажет, қосымша құрылыстар емес, мектептер салу керек. Білім беру саласында мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік өріс алуда, бірақ, еліміздің өзге өңірлерінде олар мектептер мен балалар бақшасын салуда, ал біз сенімді басқаруға берудеміз», – деді ол.
Мәлік Мырзалин мәжіліс қорытындысында, есепті кезеңде Көкшетауда ауқымды әрі жақсы жұмыстар атқарылғанын тағы да атап өтті. «Орын алған проблемаларды білеміз, оны бірлескен түрде республиканың, облыстың күш-қарымын пайдалана отырып және бұған қоғамдық ұйымдарды, БАҚ-ты мейлінше жұмылдыру арқылы шешу қажет,–дей келе, облыс әкімі тағы бір рет қалалық қызмет өкілдерін күтпеген әрі кездейсоқ жағдайлар кездескенде журналистерден қашпауға, қайта оларды проблемаларды шешуге ықпалдасатын ақпараттармен қамтамасыз етуге шақырды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретті түсірген Айбек Данияров.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар