Адамдық құндылыққа кең орын берілген

ҚКХП ұсынған Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов «ҚТЖ ҰК» АҚ локомотив депосы жұмысшылар ұжымымен кездесті. Кездесуді аймақтық штабтың жетекшісі Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Б.Д.Мәжитов жүргізді.

  Кездесу барысында кандидат Сыздықов өзінің сайлауалды тұғырнамасының басты бағыттарымен таныстырды: «Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясы марксизм-ленинизм ғылымы мен идеяларына және қоғамдық дамудың материалистік теорияларына сүйеніп қызмет атқарады.
Кездесу кезінде кандидат батыстық стандарттар мен тұтынушылық мәдениеттің теріс ықпалына тоқталып өтті.
Т.Сыздықовтың ойынша, «адамгершілік өркениеттің дамуының негізі болып табылады.
Жер бетіндегі бейбітшілік пен келісім біздің өркендеуімізге алып келді. Бұл құндылықтарды біз одан әрі еселеп болашақ ұрпаққа жеткізуіміз керек.
Жақыныңа деген сүйіспеншілік – бұл анамыздың сүтімен берілген халқымыздың дәстүрі.
Тарихи қонақжайлылық, ілтипаттылық, жанұялық құндылықтар мен үлкендерге деген құрмет бізді бүкіл әлеммен байланыстыруға мүмкіндік береді.
Мұның барлығы біздің жерімізде қалыптасқан сенім мен жасампаздықты мазмұнға толтырады. Сондықтан, тұрақтылық пен өркендеу одан әрі терең мағынаға және мазмұнға ие болады.
Соғыс пен хаосты білмейтін қастерлі жерді негізге ала отырып, адамдар ертеңгі күнге сеніммен қарайды».
Өз кезегінде облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі Б.Мәжитов, республикалық және облыстық сайлауалды штабтардың белсенді насихат жұмыстарын жүргізіп жатқандығын атап өтті.
Кеше  Қазақстан  Республикасының  Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың облыстық сайлауалды штабтары атқарып жатқан жұмыстары туралы есеп берді.
«26 наурыздан бері облыстық сайлауалды штабы ҚР Президенттігіне үміткер Тұрғын Сыздықовты қолдауға бағытталған шаралар өткізілуде», – деп мәлім етті партияның Қызылорда облысы бойынша облыстық комитетінің жетекшісі Т.Телеубаев.
Т.Телеубаевтің айтуынша үгіт-насихат науқаны кезінде партияның басты назары батыстық мәдениет пен құндылықтардың кері әсеріне бөлініп отырғанын мәлім етті.
Павлодар облыстық комитет жетекшісі Г.Нұғыманова мәлім еткендей: «ҚКХП ұсынған ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың сайлауалды науқанының жоспарына сәйкес, сайлаушылар арасында үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Үгіт-насихат жұмыстары штаттық жоспарға сәйкес, ешқандай кедергілерсіз өтуде. Жергілікті халықпен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасын белсенді түсіндіріп жатырмыз».
Сонымен қатар, Г.Нұғыманова Тұрғын Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасының тезистерін назардан тыс қалдырған жоқ.
Батыс адамы бірте-бірте адамгершілік құндылықтарын жоғалтуда. Кез келген әдіспен айналасынан ерекшеленіп, өзіне назар аудартқысы келеді.
Батыстық мәдениет бизнестің бір тармағына, ал, оның басты шарттары шектеулі материалдық құндылықтарға айналды», – деді ол.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар