«Сенің дауысың – Сенің болашағың»

 Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің филиалында «Қазконтент» АҚ және қазылар мүшелерінің, конкурсты ұйымдастырушылардың қатысуымен «Сенің дауысың – Сенің болашағың» атты постерлердің республикалық  конкурсының өту барысы туралы баспасөз конференциясы өтті.

  «Сенің дауысың – Сенің болашағың» постерлер конкурсы 17 наурызда бастау алған болатын.  Авторлардың көпшілігі – 18 бен 20 жас аралығындағы жастар өкілі. Конкурстың ең жас қатысушысы Шұғыла Махамбет 14 жаста. Ол Астана қаласында тұрады және Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы мектептің 5 сыныбында оқиды.
Конкурстық жұмыстар Қазақстанның барлық өңірлерінен жолданды. Постерлердің көпшілігі Алматы, Ақмола және Батыс Қазақстан  облыстарынан келіп түсті. Олардың саны барлық жұмыстардың жартысынан астамын құрады.
Конкурс «Sailau2015.el.kz» арнайы тұғырнамасы аясында, «El.kz» әлеуметтік желісі базасында жүргізілді. «El.kz» жобасы ең талантты және қызықты жас адамдарды біріктіреді.
Қазіргі уақытта «El.kz» арқасында  қазақстандықтар, ана тілі, халықтың мәдениеті мен дәстүрлері туралы бірегей материалдар жасалып отырған   порталда әлеуметтік желілер мен блог-тұғырнамалардың 190 мыңдай пайдаланушы – авторластары тіркелді.  Порталдың әлеуетінде – креативті идеялар, блогтар, шолулар, аналитикалық материалдар, фоторепортаждар мен бейнелер  күн сайын шығуда.
Конкурста бас жүлдені халықтық дауыс беру арқылы Алматы қаласының тұрғыны Еркебұлан Қазыкенов жеңіп алды. Қазылар таңдауы аталымы бойынша: бірінші орынға Астана қаласынан Айнұр Бокина,  екінші орынға Павлодар қаласынан Виктория Резунова,  ал, үшінші орынға Алматы қаласынан Сағидолла Ахтанов ие болды.
«КАЗКА» Қазақстандық қауымдастық аталымы бойынша: бірінші орын Астана қаласынан Бекзат Махамбет, екінші орын Орал қаласынан Миржан Мұхамбетов,  үшінші орын  Талдықорған қаласынан суретші Рената Евсееваға бұйырды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар