«Discovery Borovoe» жастардың достық мекені болды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Discovery Borovoe» сауықтыру және ойын-сауық орталығында өткен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы ақмолалық штабының облыстық форумы өңірдің ең белсенді жастарының басын біріктірді.

Қызықты тренингтерді, Бурабай ауданының киелі жерлерін аралауға арналған экскурсияны қамтыған үш күндік іс-шараға Ақмола өңірінің жастар ұйымдарының, білім беру ұйымдарының, этномәдени бірлестіктерінің Атбасар, Бурабай, Сандықтау, Шортанды аудандары мен Степногорск қаласынан өкілдері келді. Форумды өткізуге «Думан» педагогикалық жасағының мүшелері Дастан Құлбеков, Нарғыз Теміржанова, Александр Пятигорный және Аружан Найзабек белсене атсалысты.
Семинар-тренингтер барысында дәріс оқушылардың жоғары кәсібилігі іс-шараға қатысушылардың тек білім әлеміне үңіліп, тәжирибе алмасуын ғана қамтамасыз етпей, өздері үшін жаңа достар табуларына да мүмкіндік ашты.
ҚХАА жанындағы «Жаңғыру жолы» қозғалысының маңызды миссиясы еліміздегі жаһандану ісіне жастар қауымын тарту, еліміздің Тәуелсіздігін нығайтуға жастарды үндеу болып саналады. Өзінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқы Жолдауында Елбасының 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауы бекер емес. Себебі, мемлекеттің жаңғыруы – бұл бірінші кезекте, қазақстандық жастардың ой-өрісін өзгерту болып табылады.

Бақыт МҰХАМЕДИЯРОВА-ТАСОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар